Қазақ күресі: Азия чемпионатының жүлде қоры – 20 мың доллар

990
0
Бөлісу:

2018 жылдың 26 тамыз күні Астана қаласында 2018 қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады.

Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

–Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моңғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия барысының күміс жүлдегері атанған Ган Товшинжаргал қатысады. Ал, Өзбекстаннан Эркин Данияров бар. Ол әлем чемпионы, Өзбекстанның екі дүркін чемпионы атанған спортшы, әрі қазақ күресінің ережелерін өте жақсы біледі. Қырғыстан мен Жапонияның да командары осал емес. Сондықтан біздің палуандарымыз медаль алуы үшін біраз тер төгуі керек. Оңай жеңіс болмайтыны анық, –деді Қазақ күресінен халықаралық федерациясының Бас директор кеңесшісі, «Қазақстан барысы» атанған спортшы Ұлан Рысқұл.

Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшысы Азамат Тілеулесов турнирдің жүлде қоры туралы айтып берді.

–Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарға 1000 доллардан табысталады, күміс жүлдегерге 500 доллардан, ал қола медальға 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, күміске 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады, – деді Тілеулесов.

Айта кетсек, Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді.  Олардың арасында қазақстандық қана емес, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан  шақырылып отыр.

Азия Чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Самрұқ -Қазына» әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары –“Халықаралық қазақ күресі федерациясы” ЗТБ.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*