«САМҰРЫҚ – ҚАЗЫНАНЫ» ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ІСІ ЖАЛҒАСУДА

996
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті «Самұрық – Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық – Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.
– Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұ­мыстар атқарылып, бірқатар нәтижеге қол жеткізілді. Соның ішінде хол­дингті трансформациялау ісі жал­ғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком», Air Astana және «Қазатомөнеркәсіп» компа­ния­ларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз, – деді Ахметжан Есімов.
Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті. Соңында Мемлекет басшысы «Самұрық – Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*