Қағаз сақтандыру жарамсыз

657
0
Бөлісу:

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-сақтандыру қолданысқа енгізіледі. Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, онлайн сақтандыру қағазбастылықтан арылтады.

«Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі №166-VI Қазақстан Республикасының заңымен онлайн сақтандыруға және электрондық нысандағы сақтандыру полисінің заңдылығын бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлайды. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электрондық нысанда жасасып, сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдей алады» деп мәлімдеді.

Қысқасы, онлайн сақтандыру енгізілгеннен бастап міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаздағы полистер жарамсыз болады. Сақтандыру шартын жасасу фактісі сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексерілмек. Автокөлік жүргізушілерінің әкімшілік полиция қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес. Онлайн сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды кеңсеге бармай-ақ немесе арадағы алыпсатарларсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелей жасасу мүмкіндік ашылады.  Сонымен қатар сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасасу кезінде 10 пайызға дейін жеңілдік беру жоспарланған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*