Кәсіпкерліктен хабарсыз қалмаңыз

735
0
Бөлісу:

Көкшетау қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіру мен насихаттауға байланысты өткен кездесуде «Даму» қорының өкілдері мемлекеттен көмек алуда бизнес өкілдері белсенділік таныту керек екендігін атап өтті.

Қор менеджерлерінің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы бұл бағытта көмек көрсетіп, бүгінде облыстың барлық аумақтық филиалдарында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты бірыңғай қабылдау күні өтуде.
Қоғамдық қабылдау кезінде «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері мен екінші деңгейдегі банк өкілдері бизнес өкілдерінің сұрақтарына байланысты заң нормалары шеңберінде кеңес берді. Сұрақтардың негізі бизнеске арналған бастапқы жарнаны алу, несиелеу мен субсидия мәселелеріне арналды.
Аймақтық «Даму» қорының менеджері Мұхамедқали Кеңесовтің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға тиісті қаражат бөлініп, жағдай жасалуда. Алайда халық көп жағдайда ақпаратсыз қалып, мемлекеттік бағдарламалардың бар екендігін біле бермейді.
Акцияның басты мақсаты – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай, қарапайым халық пен құзіретті мекеме қызметкерлерін кездестіріп, ашық форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл күні партияның қоғамдық қабылдауына келген азаматтар өздерін мазалаған сұрақтарына тиісті жауап алды.

Ж.ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*