«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы бос лауазымдарға орналасу үшін жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1069
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, 010000, Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1, тел.: (8-7172) 555-585, 707-652, электронды мекенжайы: hr@nurotan.kz келесі бос лауазымдық орын бойынша конкурс жариялайды:
1) Партия орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің консультанты (1 бірлік);
2) Партия орталық аппараты Стратегия және мониторинг департаментінің консультанты (1 бірлік);
3) Партия орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының бас кон­суль­танты (1 бірлік).

Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады:
1. біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру (құжаттар қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде);
2. тестілеу (құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде);
3. комиссиямен әңгімелесу (тестілеу аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қолмен жазылған);
2. жеке басын куәландыратын куәлігінің көшірмесі;
3. белгіленген нысан бойынша кандидаттың еңбек жолының тізімі;
4. нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. еңбек қызметін растайтын, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, не заңнамада белгіленген өзге тәртіппен куәландырылған құжаттың көшірмесі;
6. қосымша: біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, сертификаттар, ғылыми жарияланымдар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 20-27 тамыз аралығында.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
1. қолма-қол тапсыру мекенжайы: «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі 12/1, тел: (7172) 555-585, 707-652;
2. электронды мекенжайы: hr@nurotan.kz.

Тестілеу
1. Тестілеуге біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттар ғана жіберіледі.
2. Тестілеуді өткізу күні және орны туралы ақпарат партияның веб-сайтында құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Бос лауазымдар» деген бөлімінде жарияланатын болады (http://nurotan.kz/vacancies).
3. Тестілеу құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
4. Тестілеу нәтижелері тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде жарамды.
5. Тестілеу жеке қатысу арқылы, Партия орталық аппаратының ғимаратында жүргізіледі.
6. Тестілеу үміткер үшін қолайлы тілде жүргізіледі: қазақша немесе орысша.

Тестілеу келесі құжаттарды білу деңгейін бағалайды:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. «Нұр Отан» партиясының Жарғысы (партияның сайтында «Партия» бөлімінде қолжетімді, «Жарғы» деген салым – http://nurotan.kz/charter);
3. Партия Доктринасы (партияның сайтында «Бағдарламалық құжаттар» бөлімінде қолжетімді, «Доктрина» деген салым – http://nurotan.kz/doctrine);
4. Партияның Сайлауалды бағдарламасы (партияның сайтында «Бағдарламалық құжаттар» бөлімінде қолжетімді, «Сайлауалды бағдарлама» деген салым – http://nurotan.kz/election-program);
5. «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға ар­налған бағдарламасы (партияның сайтында «Бағдарламалық құжаттар» бөлімінде қолжетімді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама» деген салым – http://nurotan.kz/anti-corruption-program).

Әңгімелесу
1. Әңгімелесуге тестілеуден сәтті өткен кандидаттар ғана жіберіледі.
2. Әңгімелесуді өткізу кестесі партия сайтында «Бос лауазымдар» деген бөлімінде тестілеу өткізілгеннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады (http://nurotan.kz/vacancies).
3. Әңгімелесу тестілеу аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
4. Әңгімелесу Орталық аппарат ғимаратында өткізіледі.
5. Кандидат шешіммен танысқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссиясының шешіміне қатысты партияның Орталық аппаратына шағымдана алады, мұнда бос лауазымға кандидаттың конкурстық комиссияның шешімімен танысу күні деп шешімнің партияның веб-сайтында жарияланған күні саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен шағымдар қаралмайды.
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының және аймақтық, аумақтық филиалдарының бос жұмыс орындарына үміткерлерді конкурстық іріктеу ережелері партияның веб-сайтында «Бос лауазымдар» (http://nurotan.kz/vacancies) бөлімінде жарияланған.
Конкурстық іріктеуге қатысқан адамдардың шығындары (көліктік, тұру және т.б.) өтелмейді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*