«Нұр Отан» партиясының 2017 жылғы кірістері мен шығыстары туралы есебіне түсіндірме хат

847
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы өз қызметін Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титуциясына, Қазақстан Республи­касының «Саяси партиялар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық акті­леріне, партия Жарғысына, Доктринасына және Бағдарламасына сәйкес жүргізеді. Партия 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Партия мүшелерінің саны 2017 жылғы 31 желтоқсанда 1 016 540 адамды құрады.
Партия орталық аппаратының орна­ласқан жері: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы Қонаев көшесі, 12/1.
Есепті құру әдісі. Партияның кірістері мен шығыстары туралы есеп кассалық әдіс бойынша, ұлттық валюта – теңгемен жасалды, өлшем бірлігі – мың теңге.
2017 жылғы кірістер мен шығыстар туралы есепке Партия орталық аппа­ратының, 16 аймақтық (облыстар, Астана, Алматы қалалары) және 214 аумақтық филиалдың (оның ішінде 176 аудандық және 38 қалалық филиал) және ірі бас­тауыш партия ұйымдарының базасында құрылған 13 филиалдың деректері енгізілді.
2017 жылғы кірістер мен шығыстар туралы есеп Орталық бақылау-тексеру комиссиясында қаралып, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен (2018 жылдың 25 шілдедегі №024 қаулымен) бекітілді.
Партия құрған немесе оның қатысуымен құрылған ұйымдар. 2017 жылы партия құрылымында: «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерт­теулер орталығы» мен «Нұр Отан» партия­сының Саяси менеджмент мектебі» коммерциялық емес ұйымдары (жеке мекемелер) жұмыс істеді. Сондай-ақ партия 2 коммерциялық ұйымның 100% иесі болып табылады: «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС (бұдан әрі – ШАРБ) және «НҰР Медиа» ЖШС (бұдан әрі – Холдинг).
ШАРБ қызметінің негізгі бағыттары партияның сервистік-қосалқы қызметін қамтамасыз ету, ғимараттарға қызмет көрсету және полиграфиялық қызмет болып табылады.
Холдинг – партияның республикалық баспа басылымдарын, теле және радиоарналарын, сондай-ақ интернет ресурстарын біріктіретін партияның медиа активі.
«Нұр Отан» партиясы өз қызметін Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титуциясына, Қазақстан Республи­касының «Қоғамдық бірлестіктер тура­лы» Заңына және Қазақстан Республикасы­ның басқа да нормативтік құқықтық ак­тілеріне, сондай-ақ «Нұр Отан» партия­сының бағдарламалық құжат­тарына, «Жас Отанның» Жарғысына және Бағ­дарламасына сәйкес жүзеге асыратын «Жас Отан» Жастар қанатына демеушілік көмек көрсетеді. Жастар қанаты мүше­лерінің саны 2017 жылғы 31 желтоқсанда 164 115 адамды құрады.

І. 2017 жылғы кірістер
Партияның кірістері 10 767 318 мың тең­гені құрады, оның ішінде коммер­ция­лық емес қызметтен түскен кірістер – 9 939 505 мың теңге, коммерциялық қыз­меттен түскен кірістер – 827 813 мың теңге.
Кірістер келесі кіріс көздерінен түседі:
– республикалық бюджет қаража­тынан;
– партиялық жарналардан;
– кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерден (активтерді басқару, үй-жай­ларды жалға беру және т.б.);
– Қазақстан Республикасы азамат­тарының, мемлекеттік емес ұйымдарының және т.б. қайырымдылықтарынан.
1. Саяси партияларды қаржыландыру бойынша респуб­ликалық бюджеттен түскен кірістер 4 537 455 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік қаржыландыру Қазақ­стан Республикасы Орталық сайлау ко­миссиясының 2009 жылғы 3 қыркү­йек­тегі № 166/314 қаулысымен бекітілген Саяси партияларды қаржы­ландыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты жыл сайын сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Мәжілісінде таныс­тырылған барлық саяси партияларға бөлінеді. Бюджеттік қара­жаттың мөлшері сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар үшін дауыс берген сайлаушылардың әрбір дауысы үшін ең төмен жалақы мөлшерінің 3 пайызы есебімен белгіленеді.
2. Партиялық жарналар түсімі 1 976 143 мың теңгені құрады. Ай сайынғы партиялық жарналар 2017 жылы партияның Жарғысымен келесі мөлшерде белгіленген:
еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республи­касының Заңы бойынша тиісті қаржылық жылға бекітілген айына ең төменгі жалақы мөлшерінің 1% (244,59 теңге) және партия мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары;
студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары – «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша тиісті қаржылық жылға бекітілген айына ең төменгі жалақы мөл­шерінің 0,1% (24,46 теңге) және пар­тия мүшесінің өз қалауы бойынша одан да жоғары.
Зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс­сыздар, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы адамдар мүшелік партиялық жарналарды төлеуден босатылған.
3. Демеушілік және қайырымдылық көмектің сомасы 106 954 мың теңгені құрады. Заңнамаға сәйкес партияға қайырымдылық тек Қазақстан Респуб­ликасының азаматтарынан және мем­лекеттік емес ұйымдарынан қабылданады.
4. Салымдар бойынша сыйақылар сомасы 3 318 953 мың теңгені құрады. Барлық салымдар Қазақстан Республи­касының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған. Шетелдік банктерде партияның есепшоттары мен салымдары жоқ.
5. Жалға беруден түскен кірістер 795 082 мың теңгені құрады.
6. Өзге кірістер 32 731 мың теңгені құ­рады.

II. 2017 жылғы шығыстар
Партияның шығыстары 7 074 680 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1. Жалақыны төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша шығыстар 3 911 639 мың теңгені құрады. Бұл бапта Орталық аппарат пен партия филиалдарының штаттағы қызметкерлерінің және тех­никалық персоналдардың жалақысын төлеу шығыстары көрсетілген. Партия қызметкерлерінің штаттық саны 2017 жылғы 31 желтоқсанда 1 176 бірлікті (Орталық аппарат және 243 филиал) құрады.
2. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді ұстау және қызмет көрсетуге арналған шығыстар 875 057 мың теңгені құрады. Аталған бапқа негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді ұстауға арналған шы­ғыстар, коммуналдық шығыстар, ғи­мараттарды ағымдағы жөндеу, қызмет көрсетуші персоналға ақы төлеу, запастар мен мате­риалдар, банк қызметтері, ғимараттардың қауіпсіздігі бойынша шығыстар, көлік қызметтері және өзге де шығыстар кіреді.
3. Іссапарлар шығыстары 107 733 мың теңгені құрады. Бұл бапта Орталық аппарат пен партия филиалдары қыз­меткерлерінің жол жүру, тәуліктік және тұру шығыстары көрсетілген.
4. Жалға алу ақысына арналған шығыстар 4 419 мың теңгені құрады, бұл партия филиалдары үшін үй-жайларды және автокөліктерді жалға алумен байланысты.
5. Байланыс қызметтеріне арналған шығыстар 80 190 мың теңгені құрады. Аталған бапқа Интернет қызметіне, Орталық аппарат пен партия филиалының жергілікті және қалааралық байланысына жұмсалатын шығындар енгізілген.
6. Сақтандыру және консультациялық қызметтерге арналған шығыстар 9 050 мың теңгені құрады.
7. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 603 078 мың теңгені құрады. Бұл бапта салық заңна­масына сәйкес қосымша құнға, көлікке, мүлікке төленетін салық бойынша, әлеуметтік, жер салығы, сондай-ақ әлеу­меттік аударымдар мен бюджетке төлене­тін басқа да міндетті төлемдер бойынша жұмсалатын шығыстар ескерілген.
8. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шығыстары 189 960 мың теңгені құрады. Осы бапта Орталық аппарат пен партия филиалдарының партияның ішкі іс-шараларын өткізуге (орталықта және жергілікті жерлерде партия Саяси кеңесі мен бюросының отырыстарын, конфе­ренцияларды өткізу және тағы басқа) жұмсалатын шығыстар көрсетілген.
9. Ақпараттық сүйемелдеуге арналған шығыстар 428 991 мың теңгені құрады. Бұл бапта партия қызметін ақпараттық қолдау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында тапсырыстарды орналас­тыруға жұмсалатын шығыстар ескерілген.
10. Еншілес ұйымдарды қаржылан­дыру шығыстары 358 700 мың теңге сомасын құрады және оған Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мен Саяси менеджмент мектебін қамтамасыз ету кіреді.
11. Демеушілік және қайырымдылық көмек шығыстары 233 073 мың теңгені құрады, бұл қаражат «Жас Отан» Жастар қа­наты» қоғамдық бірлестігінің «Жастар – Отанға!», «Сәтті қадам», NURINTECH, «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобаларын іске асыруға, сондай-ақ Ұлттық КВН лигасын, «Жайдарман» және басқаларды өткізуге жұмсалды.
12. Күрделі салымдар 112 417 мың теңгені құрады. Аталған бапта ұйым­дастыру техникасын, материалдық емес активтерді, жиһаздарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар көрсетілген.
13. Партияның атрибутикасына арналған шығыстар 51 727 мың теңгені құрады. Бұл бапта партиялық билеттерді, партияның логотиптері бар жалауларды және өзге атрибутиканы шығаруға сондай-ақ жаңартуға арналған шығыстар ескерілген.
14. Өзге шығыстар 108 645 мың теңгені құрады. Бұл бапта полиграфиялық қызмет және Орталық аппарат пен партия филиалдарының өзге шығыстары көрсе­тілген.

Бөлісу:

Пікір жазу


*