«Ливерпуль» Салахты полицияға ұстап берді (видео)

1166
0
Бөлісу:

Ағылшындық «Ливерпуль» футбол клубы мен Египет құрамасының футболшысы Мұхамед Салахқа қатысты даулы жағдай туындады.

Мерсисайд полициясы көлік тізгінінде келе жатып ұялы телефон қолданған «Ливерпуль» футболшысы туралы хабарлаған. Кейіннен ол адамның – Мұхамед Салах екені анықталыпты. Бұл туралы әлемге әйгілі BBC агенттігі ақпарат таратты. Дерек бойынша құқық қорғау органы оқиға, яғни мән-жай туралы футбол клубы таратқан бейне роликтен біліп қойған.

ӘЧ-2018-ДЕ ОЙНАҒАН «АСТАНА» ФУТБОЛШЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨМІРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ (ФОТО)

Ақпараттың дұрыс екенін футбол клубының баспасөз қызметі де растапты. Олар бастапқыда оқиғаны футболшының өзімен бірге талқылап, кейін бейне ролик және оның таралуы жайлы полициямен сөйлескен. Енді іс әрі қарай клубтың өз ішіндегі мәселе ретінде қарастырылмақ. Бұл сұрақ бойынша клуб та, ойыншы да ешқандай пікір білдірмейді.

РОНАЛДУ «ЮВЕНТУС» САПЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ГОЛЫН САЛДЫ (ВИДЕО)

«Көлік жүргізу кезінде футболшының ұялы телефон пайдаланғаны көрініп қалған видео туралы бізді хабардар етті. Бұл жағдай тиісті департаментке жеткізілді. Ақпарат үшін рахмет» делінген клубтың Твиттердегі жазбасында.

Дерек бойынша, бұл тәртіп бұзушылық үшін Салах 200 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

АРШАВИН ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

Шілде айында футболшы «Ливерпульмен» қайтара келісімге келіп, келісімшартты 2023 жылға дейін ұзартқан. Ал жалақысы аптасына 100 мыңнан 200 мың фунтқа дейін көтерілген болатын. Осылайша, 26 жастағы футболшы клубтағы ең жоғарғы жалақы алатын ойыншыға айналған.

Салах «Ливерпульге» 2017 жылы италиялық «Рома» сапынан ауысып келген. Ол кезде египеттік ойыншы 5 жылдық келісімшартқа отырған. Ол өзінің алғашқы маусымында-ақ 52 матчта 44 гол соғып, күллі әлемді тәнті етті.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАПКЕР ӨРТКЕ ОРАНҒАН АВТОБУСТАҒЫ 48 ЖОЛАУШЫНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Сөйтіп, ағылшын премьер-лигасының ең үздік ойыншысы атанды және Чемпиондар лигасының финалында «Реалға» қарсы ойнады. Ал Ресейде өткен Әлем чемпионатында Египет құрамасының сапында екі ойынға қатысып, 2 гол соқты. Бірақ құрама топтан шыға алған жоқ.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*