Теңгенің құнсыздануына орай бюджетке түзету енгізіле ме?

926
0
Бөлісу:

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Теңге бағамының өзгеруіне байланысты бюджетке түзетулер енгізіле ме?» деген сұраққа жауап берді.

«Біз бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысынан тәуекел көріп отырған жоқпыз. Дәл қазіргі сәтте бюджетті нақтылауға қатысты айтар болсам, әдетте ол күзде болады. Ол тек қана макроэкономикалық факторлармен байланысты жүргізілмейді. Ол көп жағдайда бюджеттің орындалуына, толықтай алғанда экономиканың дамуына байланысты, яғни тек бір ғана факторға байланып тұрған жоқ. Әзірше, біздің экономикамыз қалай ілгерлеп келе жатқанын, мемлекеттік бағдарламалар қалай орындалу үстінде екенін, салалардағы, облыстардағы ахуал қандай екендігін бағалап жатырмыз. Осындай кешенді бағалауға байланысты біз нақтылау жасау қажет пе, жоқ па екенін шешеміз. Бюджетті нақтылау үшін бір ғана бағамның өзгеруі жеткіліксіз» деді Тимур Сүлейменов.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу:

Пікір жазу


*