НАМАЗДЫ БҰЗЫП, ЖАЙНАМАЗДЫ ТЕПКЕН БАПКЕР КЕШІРІМ СҰРАДЫ

14831
12
Бөлісу:

Тараздағы «Атлетик» спорт кешенінде Алмат Баетов есімді бапкер намаз оқып жатқан баланың жайнамазын теуіп, әдепсіз түрде намазын бұзуға тырысқан еді. Бүгін бапкер ел алдында кешіріп сұрап, қандай айыпты да арқалауға дайын екенін айтты.


«Күні кеше ғана интернет желісінде тараған бейнеролиіктегі теріс қылығымды, діни сауаттылығымның аздығын көрсетіп қойдым. Ашу-ызаға берілемін деп, теріс әрекетке бой алдырып алдым. Сол себепті мұсылман жамағатынан, балалардың ата-аналарынан шын жүрегімнен кешірім сұраймын. Кешіріңіздер мені. Өте өкінішті. Ол өкініш өзекті өртеп бара жатыр. Тағы да кешірулеріңізді өтінемін. Жасаған іс-әрекетіме мойныммен жауап беріп, барлық жазаға дайынмын» деді бапкер.

Айта кетейік, Тараздағы «Атлетик» спорт кешенінде мұғалім намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққаны жайлы видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.  Алмат Баетов – жоғары санаттағы жаттықтырушы. Отыз жылдан бері жастарды спортқа баулып келеді.

 

ТАРАЗДЫҚ БАПКЕРДІ ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР?

 

Серік САДЫР

Бөлісу:

12 пікір жазылған

  1. Əлия 14 Тамыз, 2018 at 19:47 Жауап

    Кешірімді бəрі сұрай алады,кешіреді де,бірақ сіздің іс-əрекетіңіз жүректе қалады.Ана баланың жүрегінде қалды,ұмытылмайды.Қанша жерден керемет тренер болсаңыз да, еш абыройыңыз қалмады.

  2. Жақа 14 Тамыз, 2018 at 20:35 Жауап

    Менімше сен шын өкініп емес кешірімді амалсыздықтан сұрап тұрсың. Алладан да адамнан ла жазаңды аларсың.

  3. Шалкар 14 Тамыз, 2018 at 20:48 Жауап

    Алла озы кешырсын ! Онерыныз керемет болсада оте надан адам екенмиз , алдынызда осиып келе жаткан жеткиншек балалар сизды ешкашан есинен шыгармайды .сиздей адамдар мугалым болыуга жане ел баскаруга лайык емес …

  4. Нұрлан 14 Тамыз, 2018 at 22:16 Жауап

    (99:7) Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді.

    (99:8) Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді. жүректегіні Аллаһ біледі, кешірім сұрап тұрғой нағыласыңдар арғарай қазбалап.

  5. y4vy 14 Тамыз, 2018 at 23:14 Жауап

    Кешірім алладан бірақ намазды бұзып, оның үстіне жайнамазды тебу ол кімнің қолынан келетін іс ??…?

  6. Бақыт 15 Тамыз, 2018 at 09:17 Жауап

    Адамның кешіргкені түк емес. Алла береді ғой сыбағаны. Тек өз басыңа берсін, халық қиналмасын.

  7. Саламат 15 Тамыз, 2018 at 12:19 Жауап

    Мал,мусылман емессин ба?Аллах жазанды шексиз бере берсин истеген исине!Гандон капирлерден жаман болдын го

  8. Дəүрен 19 Тамыз, 2018 at 19:51 Жауап

    Мен баламды спорт интернатқа берсем деп ойлап жүрген едім, алайда мынадай надан «педагок» тәрбие беріп қатырмайтыны анық. Көбінде бұзықтықты балаларға артамыз , мұғалімдердің өздеріне
    тəлім – тәрбие жеткіліксіз екені анық көруге болады осы бейне роликтен.
    Аллаһ хидаят берсін, тура жолға салсын бұндай надан – жəхилдерді

Пікір жазу


*