ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

690
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Мемлекет басшысы Ресей президен­ті­не ынтымақтастық үшін жаңа мүмкін­дік­тер мен перспективаларға жол ашатын Кас­пий маңы елдерінің айтулы саммитіне бел­сенді атсалысқаны үшін ризашылық біл­дірді.
– Екіжақты қарым-қатынасымыз бар­­лық бағытта, әсіресе экономика, әске­ри-техника және ғарыш салала­рын­да ілге­рілеп келеді. Еуразиялық эко­но­ми­ка­лық одақ аясындағы эко­номикалық мә­селелер де қарқынды да­муда, – деді Қазақ­стан Президенті.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Каспий маңы елдері саммиті жұмысының нәтижелерімен құттықтап, мұның Қазақ­стан­ның өзінде болған оқиға ретінде та­рих­қа енетінін айтты.
– Бұл – жиырма жыл ішінде қол жет­кізілген елеулі оқиға. Ұзаққа созылған тал­қылаулар мен пікірталастардан кейін ше­шім табылды. Осы шешімнің Каспий маңы өңіріндегі ынтымақтастығымыздың дамуына септігін тигізетіні сөзсіз, – деді Ресей Федерациясының президенті.
В.Путин екі ел арасындағы өзара тауар айналымының артқанын атап өтіп, бар­лық ірі жобалар мен бағдарламалар, соның ішінде ғарыш, энергетика және көлік са­ла­лары одан әрі дами беретінін, сондай-ақ елдеріміздің оң нәтижелерге қол жет­кізе­тініне сенім білдіретінін айтты.
– Сізге Ресей мен Қазақстан қарым-қа­ты­настарына ерекше көңіл бөлгеніңіз үшін ризалығымды білдіргім келеді, – деді Ресей Президенті.
Сонымен қатар тараптар алдағы уа­қыт­та өтетін Петропавлда өтетін өңірара­лық форумның және Душанбеде болатын ТМД саммитінің мәселелерін талқылады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*