БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

547
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Мемлекет басшысы Түркіменстан президентіне ілтипат білдіріп, халқы­­мызды тарихи әрі бауырластық қа­ты­настар байланыстырып келе жатқанын айтты.
– Сіздің Қазақстанға сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жан­данғаны байқалады. Алайда бұл бағыт­тағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуе­тіміз әлі де жеткілікті, – деді Қазақ­стан Президенті.
Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қа­тысуға мүмкіндік туғызғаны үшін риза­шылық білдіріп, оның ұйымда­с­ты­рылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.
– Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өза­ра қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екіжақты ын­тымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар, – деді Түркімен­стан президенті.
Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түркіменстанда өтетін Арал теңі­зі проблемаларына арналған отырыс­тың күн тәртібіндегі мәселелерін талқы­лады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*