Көгілдір отын көпшілікті қуантады

686
0
Бөлісу:

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпке қатысты Үндеу жасағаны белгілі. Президенттің бес бастамасы да әлеуметтік тұрғыдан өте маңызды.

Бесінші бастамасын тарқата айтсақ, Президент Маңғыстаудан Жезқазған – Теміртау – Қарағанды – Астана газ тасымалдайтын құбыр тартылатынын айтты. Бұл жобаны 1-1,5 жылда қолға алуды тапсырды. Газбен еліміздің орта­лық облыстарын қамту дегеніміз көп­теген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Ауыл азаматтарының тұрмысы қала­лықтармен теңестіріледі. Одан кейін солтүстік өңірлерге де газ келетінін айтты Елбасы.

Мұндай бастама бизнесмендер шығаратын өнімдердің өзіндік құнына оң әсер етеді. Себебі, қатты отынмен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жылыту маусымындағы шығыны олардың өнім­дерінің өзіндік құнының 50 пайы­зына дейін жететін көрінеді. Экологиялық тұрғыдан алсақ, Еуропа елдерінде бірде-бір қаладан қою түтін будақтап тұрған мұржаны көрмейсіз. Ал мұндай көріністі елімізде әр қаладан көресіз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері газ өндірісі 200 есеге артыпты. Енді елдімекендерді газдандыру мәселесі оңымен жүзеге асса, талай түйткіл шешіледі.

Қобыланбек ҚОЖИН,
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*