Есептегіштер еңсені көтере ме?

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық дамыту» бағыты бойынша Алматы қалалық комиссиясының отырысында жылу энергиясын есепке алатын аспаптарды орнату нақты тұтынғаны үшін төлем жүргізуге, нақты көрсетілген қызметтер бойынша төлем жүргізе отырып, жылыту үшін төлемдерге үнемдеуге мүмкіндік беретіндігі айтылды. Сонымен қатар алдағы 1-2 жылда су есептеуіштерін жаппай орнату жоспарланып отыр.
– Энергияны тиімді пайдалану саясаты экологиялық және энергетикалық проблемаларды табысты шешудің кілті. Энергия тиімділігін арттыруды жаңа инновациялық технологиялар мен шешімдерді қамтамасыз етуді ынталандырады, сондай-ақ белсенді өзара іс-қимыл жасауы ғылым және технологиялар трансфертін дамытуда ықпал етеді, – деді Алматы қаласының мәслихат депутаты Мұхит Әзірбаев жиында.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында жылу энергиясын тұтыну 83% құрайды. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша сынап және натрилі шамдарды жарықдиодты шамға ауыстыру жобасы әзірленуде. Алматы қаласының аумағындағы көшелік жарықтандырудың энергия тиімділігін арттыру, жаңарту, ескірген қыздыру шамын жаңа болашақ технологиясына алмастыру көзделген.
– Жобаның нәтижесі бойынша қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін жетілдіру, қызмет көрсету желісі бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру, электр энергиясын тұтынуда үнемдеу, техникалық қызмет көрсетуде шығындарды оңтайландыру, көшені жарықтандыру желісін жақсарту, қаланың экологиялық және криминогендік ахуалын және эстетикалық бейнесін жақсарту күтілуде, – деді Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерболат Аманғалиев.
Дания КҮЗЕМБАЙ