Жаңа мектептерге барлау жасады

725
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бойынша нысандардың құрылысы және сапасы тексеру комиссиясы өңірдегі «Әлеуметтік инфраструктураның дамуы» бағыты бойынша биыл салынып жатқан Жаңаөзен қаласындағы 3 мектеп құрылыстарына және сапасына бақылау жасады.

Шараға Маңғыстау облыстық мәс­лихатының депутаттары, «Нұр Отан» пар­тиясы Маңғыстау облыстық филиа­лының қызметкерлері, Маңғыстау об­лыс­тық құрылыс басқармасының бас­шы­сы, облыстық білім басқармасы бас­шы­сының орынбасары, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары қатысты.
Комиссия Жаңаөзендегі Рауан шағын ауданында орналасқан 900 орындық екі мектеп және Арай шағын ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысын тексерді.
Бақылау комиссиясының мүшесі, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Досай Таңатаров нысандардың құрылысына жауапты тұлғаларға комис­сия мүшелері шығарған қоры­тындыға сай бірқатар тапсырмалар берді.
– Мектептердің құрылыстары жа­қын арада пайдалануға берілуіне байла­нысты мұқият қадағаланып, бақылауға алынуы керек. Сонымен қатар алдағы жыл­дың 7 тамызына дейін атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат «Нұр Отан» пар­тиясы Маңғыстау облыстық филиалына жолдануы қажет. Оған қоса, 3 нысанның мемлекеттік актілері келесі жылдың 20 тамызына дейін «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына тапсырылсын, – деді Досай Байжанұлы.
Сондай-ақ «Әлеуметтік инфраструк­тураның дамуы» бағыты бойынша өздері бақылау жасаған комиссия мүшелері үш мектеп қоршауының сыртында көркейту, реттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Замира ПУЛАТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*