Қазақстан мен Иран басшылары кездеседі

602
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Дамирчилумен кездесті. 

Мемлекеттік хатшы екі ел көшбас­шы­ларының тығыз әрі өзара сенімге негіз­дел­ген диалогының арқасында Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастар жаңа са­палы деңгейге көтерілгенін, сондай-ақ осы аптада V Ақтау саммиті аясында қос мем­лекет басшыларының кезекті кездесуі өте­тінін айтты.
– Біз Иранмен сауда-экономикалық ын­тымақтастығымызды кеңейтуге және ны­ғайтуға зор мән береміз, – деді Г.Әбді­қа­лықова.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Тегеран қаласына сапары аясында қабыл­данған индустриалды-инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бағ­дар­ламасының іске асырылу нәтижелеріне арнайы тоқталды. Ол ауыл шаруашылығы, тран­зит және логистика, жер қойнауын пай­далану және өнеркәсіп сияқты сала­лар­ды қамтитын, құны 1,38 миллиард доллар бо­латын 48 жобадан тұрады.
– Екі елдің 2018 жылғы қаңтар-мамыр ара­лығындағы сауда айналымы 251,4 мил­лион долларға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,7 пайызға жоғары, былтыр ұқсас мер­зім­де 177,4 миллион долларды құраған. Экс­порт 36,1 пайызға өсіп, 207,2 миллион дол­ларға артса, импорт 76 пайызға ұл­ғайып, 44,2 миллион доллар болды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы Еуразиялық эко­номикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға ықпал ететін уақыт­ша келісімге қол қойылғанын атап өтті. Ол преференциялы сауда режимін орна­туға бағытталған және Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық құқық норма­лары­на негізделген. Бұл Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-саттықтың тұ­рақты шарттары мен ережелерін қа­лыптастырады.
– Біз транзиттік-тасымалдау, ауыл шаруа­­шылығы, сонымен қатар жер қой­науын пайдалану саласындағы ынты­мақ­тастықты дамыту үшін зор мүмкіндік бар еке­нін көріп отырмыз, – деді Г.Әбдіқа­лы­қова.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова еліміздегі дип­ломатиялық миссиясын аяқтағалы отыр­ған Иран Ислам Республикасының Қа­зақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Дамирчилуге достас мемлекеттер ара­сын­дағы өзара тиімді ынтымақтастықты ны­ғайтуға зор үлес қосқаны үшін ризашы­лы­ғын білдіріп, жаңа лауазымдағы қыз­ме­тіне сәттілік тіледі.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*