Жаңа ауданның жағдайын білді

686
0
Бөлісу:

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Сенат депутаты Ә.Бектаев іс-сапармен болды. Жаңадан құрылып жатқан ауданның ахуалымен танысу үшін ол ең алдымен аудан әкімінің аппаратында болып, аппарат ғимаратын аралап көрді.

Сенатор Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде аудан тұрғындары­мен арнайы кездесіп, мәжіліс өткізді. Өз сөзінде депутат еншісін алып, жаңадан аудан болып, түңлігін түрген мақтаарал­дықтарды құттықтады және Мырзашөл өңіріне деген Елбасы Н.Назарбаевтың ықыласы ерекше екенін атап өтті.
Сенатордың тұрғындарымен кездесуі барысында өңірде қордаланған көптеген мәселелер талқыланды. Ә.Бектаев тұрғын­дар тарапынан көтерілген мәселе­лер мен жасалған өтініштерді барынша шешуге атсалысатынын, жаңадан құрылған аудан­ға қолдау көрсету үшін үкіметке депутат­тық сауал жолдайтынын жеткізді. Жиын­нан кейін депутат Атакент кентіндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институтында болып, аудан ғалым­дары­­ның тың жаңалықтарына қанықты. Осы уақытқа дейін мақтаның 12 сортын, қауын­ның 4 сортын ойлап тапқан инсти­тут­­тың жұмысына сенатор дән риза болып, ғылыми қызметкерлердің еңбегіне табыс тіледі.
Жоғарғы палата депутаттары М.Тағы­мов пен М.Жұмағазиев Ақтөбе облы­сы­ның Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудан­дарында болып, агроөнеркәсіп секторында тікелей жұмыс жасап жүрген шаруа қожалықтарының төрағаларымен, жергілікті жердегі мекеме, кәсіпорын басшыларымен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездесті.
Олар кездесу барысында Парламенттің заң шығару қызметі туралы сайлаушыларға ақпарат берді. Бұған қоса, ауыл шаруа­шы­лығын, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу, тұрғын үймен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, автожолдарды жөндеу, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, интернет байланысын дамыту, кейбір салалардағы кадр жетіспеушілігі және әлеуметтік нысандарды салу сияқты мәселелердің елімізде шешілу жайын сөз етті. Кездесуге қатысқан шалқарлықтар ауыл шаруашылығы саласынан зейнет демалысына шыққан ардагерлердің зейнетақысы төмен екені, оған коэффи­циент­тің дұрыс қосылмай отырғаны, ауыл шаруашылығында еңбек ететін кадрлардың тапшылығы туралы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Депутаттар Қазақстандағы жер қатынас­­тарын реттеу, сонымен бірге агро­өнер­кәсіп кешенін дамыту бойынша заңнамаларға кең көлемде тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы саласының маман­дары мен шаруашылық құрылымдары өкілдерін жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша ұсыныстар беруге шақырды, олардың заң қабылдау бары­сын­да ескерілетінін атап өтті. Жиын бары­сында сенаторларға балық аулау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, Ырғыз ауданы аумағындағы Жаманшың метео­рит кратерінің мәртебесін анықтау, Тәуіп, Жайсаңбай елдімекендеріне көтерме жол тарту мәселелері жөнінде сауалдар қойды.
Кездесуден соң қалаулылар Ырғыз аудандық прокуратурасында, аудандық сотта, аудандық ішкі істер бөлімінде, Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резер­ва­тында, сондай-ақ жуырда пайдалануға берілген «Қамқор» үйінде болды. Ырғыз ауылындағы аудан әкімдігінің, 300 орын­ды мектептің және денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ал Әйтеке би ауданының Қара­бұ­тақ ауылдық округі мен Қызылжұлдыз ауылдық округтерінде болған М.Тағымов пен М.Жұмағазиев әлеуметтік ғимарат­тар­ды аралады. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» тас жолы бойында орналасқан «Маяк» кемпингіне де ат басын тіреді. Сондай-ақ Қарабұтақ ауылдық округіндегі «Жастық» стадионы мен кәсіпкер Қ.Қойлыбаев­тың демеушілігімен «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша салы­нып жатқан «Әкелер» саябағын аралап, жаңа құрылыс­тарға оң баға берді. Сенаторлар Қызыл­жұлдыз ауылдық окру­гін­де газ құбыр­ларының тартылу жұмы­сына қанықты. Бұдан кейін олар «Комсомол» ЖШС-ның егіс алқабында болды, егін ору науқанына жұмылған шаруа қожалық­тарын­да диқандармен әңгімелесті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*