Сауль Альварес Головкинді қалай жеңетінін айтып берді

969
0
Бөлісу:

Екі салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес қыркүйек айында Головкинге қарсы өткізетін жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

Альварес пен орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннади Головкин арасындағы алғашқы кездесу былтыр қыркүйек айында Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткен болатын. Бірақ бұл кездесуде қос боксшы да жеңімпазды анықтай алмады. 12 раундтық кездесу төрешілердің шешімі бойынша тең аяқталған еді. Енді дәл сол аренада қос боксшы араға тура бір жыл салып қайта жолықпақ.

РЕСМИ: АРМАН ОСПАНОВ ПЕН РАСУЛ МИРЗАЕВ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШЫҒАТЫН БОЛДЫ

«Өткен кездесу біздің реванш жасауымызға мүмкіндік берді. Мен өзім үшін ешқандай стратегия жасауды қажет етпеймін, тек кейбір әрекеттеріме толықтырулар қажет. Әр раунд сайын барынша көп соққы жасап, жеңіске жететініме күдік келтірмеуім керек. Ол үшін біз мейлінше «физикамен» көп жұмыс істейміз. Дәл осы «физика» бірінші жекпе-жекте маған жетіспеген еді.

АМЕРИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ: ЕЛЕУСІНОВТЫ ГОЛОВКИНМЕН САЛЫСТЫРУҒА КЕЛМЕЙДІ

Қазір жақсы жаттығулар жүргізіп жатырмыз. Головкиннің стиліне сай дайындықтар жасаудамыз. Ол да алғашқы кездесудегі әрекетін істейді, яғни алға қарай ұмтыла түседі. Мүмкін ол бірдеңені өзгерткісі келетін шығар, бірақ іс насырға шапқан кезде баяғы стиліне қайта оралады» дейді Альварес.

РЕСМИ: НҰРМАГОМЕДОВ ПЕН МАКГРЕГОР АҚЫРЫ КЕЗДЕСЕТІН БОЛДЫ

Бұған дейін украиналық боксшы Василий Ломаченконың бапкері Сисилио Флорес алдағы кездесуге қатысты өз пікірімен бөліскен.

«Мен бокстың фанатымын және маған екі боксшы да ұнайды. Егер «Канело» бокстасу стилін өзгертетін болса, онда ол жеңіске жете алады. Ол жас әрі күштірек, бірақ жаттығу процесіне лайықты өзгеріс енгізбейтін болса, онда Головкинді жеңе алмайды» депті Флорес.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*