Қазақ күресінен Азия чемпионатына кілең мықтылар келеді

775
0
Бөлісу:

2018 жылдың 26 тамыз күні Астана қаласында 2018 қазақ күресінен Азия чемпионаты өтетіні белгілі болды.

Айта кетер болсақ, қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Қазіргі таңда Азия чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

–Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моңғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия барысының күміс жүлдегері атанған Ган Товшинжаргал қатысады. Ал, Өзбекстаннан Эркин Данияров бар. Ол әлем чемпионы, Өзбекстанның екі дүркін чемпионы атанған спортшы, әрі қазақ күресінің ережелерін өте жақсы біледі. Қырғыстан мен Жапонияның да командары осал емес. Сондықтан біздің палуандарымыз медаль алуы үшін біраз тер төгуі керек. Оңай жеңіс болмайтыны анық – деді Қазақ күресінен халықаралық федерациясының бас директорының кеңесшісі, «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл.

Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.

Азия чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Самұрұқ-Қазына» әл -ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары ––“Халықаралық қазақ күресі федерациясы” ЗТБ екенін айта кеткен жөн.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*