Жұмағұлов: «7-20-25» бағдарламасын дұрыс түсіндіріп жатқан жоқ

876
0
Бөлісу:

Қазақстан Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының орындалуын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов «7-20-25» бағдарламасының іске асуы жайлы айтты.

«7 банкпен келісім жасалып, сомасы 2,2 млрд теңге болатын ипотека заемдары берілді. «7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері бір ай өтті. Екінші деңгейлі банктер республика бойынша 640 өтінішті мақұлдап үлгерді» деді сенатор. Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, Павлодар облысында 28 мың адам баспанаға зәру болып отырғанымен, әлі ешкім өтініш бермеген. «Меніңше, себебі осы бағдарлама туралы дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмегендігінде жатыр. Барлығын жергілікті атқару органдарына ысырып қоя бермеу керек. Бұл жерде Ұлттық банк пен «Баспана» ипотека ұйымы адамдарға «7-20-25» бағдарламасын дұрыс түсіндіріп жатқан жоқ деп ойлаймын. Өйткені жергілікті тұрғындардан сұрағанда «Біз ондай бағдарлама туралы білмейміз» деген жауаптар алдық» деді Бақытжан Жұмағұлов.

«Айқын» газеті «7-20»25» бағдарламасының талаптары туралы хабарлаған болатынбыз.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*