Шетелдік арналарға шектеу қойылатын болды

811
5
Бөлісу:

Елімізде көрсетіліп жүрген бірқатар шетелдік телеарналардан есепке қою туралы куәліктері қайтарылып алынып, олардың Қазақстан Республикасы аумағында ретрансляция жасауы тоқтатылды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында да жазылған.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2017 жылы қабылданған «телерадио тарату туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, ел аумағында таратылатын барлық шетелдік теле-радио арналар аталған заң қабылданғаннан бастап алты ай уақыт ішінде заңдық тұлғаны тіркеп немесе өз филиалының есептік тіркелуін жүргізуі қажет болған. Заң өз күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енген. Сондықтан шетелдік теле-радио арналардың заң тәртібін орындауы тек 9 шілдеге дейін ғана қарастырылған.

Бұл мәселе туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында да жазды.

«Қазір Қазақстанда 307 шет елдік теле-радио арна тіркеуде тұр. Олардың қызметін реттеу мақсатында біздің министрлік жыл басында заңнамаға түзетулер енгізді. Оған сәйкес шетелдік арналар Қазақстан Республикасында өз өкілдігін ашуы міндеттелді. Барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақыт та берілді. 219 телеарна қазір тиісті талаптарды орындады. Министрлік қалған 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтар әзірледі. Бұл туралы толық ақпарат министрліктің ресми сайтында жарияланды» деп жазды министр.

Өз өкілдіктерін ашпаған 88 телеарнаның арасында «Киносоюз», «Дождь», Fashion TV, Russia Today TV, «Бойцовский клуб», «Боец», «Футбол», «Спорт 1», «Спорт 2», Universal Channel, Sky News, Sky News HD, Fox News Channel, Bloomberg Television, France 24, THT-Comedy, «Спутниковое телевидение Дагестана» және басқалар бар.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

5 пікір жазылған

  1. drill 24 Қаңтар, 2019 at 14:38 Жауап

    159109 162384This sort of considering develop change in an individuals llife, building our Chicago Pounds reduction going on a diet model are a wide actions toward making the fact goal in mind. shed weight 102793

Пікір жазу


*