Туризм министрлері кездесті

700
0
Бөлісу:

Астана қаласында Түркі кеңесіне мүше-мемлекеттері Туризм жөніндегі Министрлердің төртінші кездесуі өтуде.
Аталған іс-шаралар Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ Түркі кеңесі Хатшылығы, «KazakhTourism» Ұлттық компаниясы мен Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асуда.
Кездесуге Түркі кеңесі мүшелері Туризм ведомстволарының (министрліктер) басшылары – Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Әзірбайжан, сондай-ақ Түркі кеңесі Хатшылығының өкілдері келді. Өзбекстан мен Түркменстанның мемлекеттік туристік комитеттерінің төрағалары және Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі де құрметті қонақтар ретінде шақырылған.

Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясының, қазақстандық әуекомпаниялардың басшылығының, сондай-ақ «Түркі кеңесі: Қазіргі заманғы Жібек жолы» (Turkic Council Modern Silk Road Joint Package) бірыңғай туристік өнім жобасы бойынша құрылған бірлескен Консорциумының мүшелері ретінде түркітілдес мемлекеттердің мүдделі туроператорлары жиналды.
Тараптар «Түркі кеңесі – Заманауи Жібек жолы» бірлескен туристік өнімнің жобасы және коммерциялық іске асыру үшін негізгі мәселелерді талқылайды. Солардың ішінде веб-сайтын дамыту, бағалау саясаты,  маркетингтік және коммуникациялық стратегиясы, әлемдік нарықта жылжыту, мүше-елдердің арналарында жарнамалық бейнелерді тарату, ЮНВТО-мен өзара әрекеттесу және т.б.
Бұдан басқа, жоспарланған кездесуде Түркі кеңесі елдерімен ынтымақтастықта «TRT Avaz» түрік телеарнасымен түсірілген Замануи Жібек жолының бірлескен экскурсиясы туралы деректі фильмнің тұсаукесері ұсынылатын болады.

Күн тәртібі шеңберінде Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі заманғы Жібек жолының аясында туризмді одан әрі өзара тиімді дамыту және бірлескен туристік өнімдерді жүзеге асыру мәселелерін де шығаруға бастама қозғады. Жоспарланған кездесу нәтижесінде тараптар туризм саласындағы күн тәртібінің мәселелері бойынша келісілген шешімдер пакетін дайындайды деп күтілуде және олар 3 қыркүйекте Қырғызстанның Ыстықкөлдегі Чолпон-Ата қаласында өтетін түркітілдес Мемлекеттер басшыларының кезекті Саммиті барысында талқылауға ұсынылады.
Атап өтетін жәйт, Түркі кеңесі немесе Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі – қазіргі заманғы түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2009 жылғы 3 қазанда Әзербайжанның Нахичеван қаласында құрылған ұйымның мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, туризм министрлерінің үшінші кездесуі 2016 жылдың 6-7 маусымында Қырғызстанның астанасында Бішкек қаласында өтті.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*