Америкалық журналист: Елеусіновты Головкинмен салыстыруға келмейді

1143
0
Бөлісу:

Америкалық журналист Фил Джей қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновты орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасы Геннадий Головкинмен салыстыруға келмейді дейді.

Бұл туралы ол отандық vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтқан. Фил Джей танымал америкалық WorldBoxingNews сайтында редактор болып қызмет етеді.

«Елеусінов осыған дейінгі жекпе-жектерінде адамды тәнті етерліктей ештеңе жасай қойған жоқ. Дегенмен оның кәсіпқой бокс әлеміне енді ғана аяқ басқанын ескеруіміз керек. Бәрі өз уақытымен келеді. Жақын уақытта ол өзін дәлелдейді деп ойлаймын» деді Джей.

РЕСМИ: НҰРМАГОМЕДОВ ПЕН МАКГРЕГОР АҚЫРЫ КЕЗДЕСЕТІН БОЛДЫ

Еске сала кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов үшінші жекпе-жегін Ұлыбританияның Кардифф қаласында тамыздың 4-інен 5-іне қараған түні өткізген болатын. Ол алты раундтық жекпе-жекте қарсыласы венгриялық Габор Горбичті (24-12, 14 КО) ұпай санымен жеңді. Бұған дейін Данияр маусым айында тағы бір венгриялық боксшы Золтан Шабодан (24-12, 10 КО) айласын асырып кеткен еді.

АРМАН МОМЫНОВ, РИНГ-АНОНСЕР: ШАРШЫ АЛАҢ ШАРШАҒАНЫҢДЫ ҰМЫТТЫРЫП, ШАБЫТ БЕРЕДІ

Дегенмен соңғы жекпе-жегіне Даниярдың көңілі толмаған. Расымен қазақстандық боксшыны өзінің белсенділігі ғана құтқарып қалды. Ал кәсіпқой бокста көбіне нокаут және ногдаун зор мәнге ие екені түсінікті. Кездесуден соң промоутері Эдди Хирн «Бұл алты раундтық жекпе-жек өз деңгейінде өтті. Жекпе-жектің екінші жартысы белсенді өрбіді. Дегенмен бізге деңгейді арттыра түсу керек» депті.

Елеусінов енді келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді. Қазақстандық боксшы әйгілі британиялық промоутер Эдди Хирнмен наурыз айында келісімшартқа отырды.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*