«Астана» жеңе ме, «Динамо» басым түсе ме?

930
0
Бөлісу:

Бүгін, 7 тамыз күні елордалық «Астана» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында загребтік «Динамомен» кездеседі. Матч «Астана-Аренада» өтеді.

СПОРТ ТЕРМИНДЕРІ БІР ІЗГЕ ТҮСТІ МЕ?

Астанада өтетін кездесу біздің уақытпен 20:00-де басталады. Ал қарымта кездесу 14 тамыз күні Хорватия астанасында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Швейцария чемпионы «Янг Бойзбен» кездеседі.

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «АСТАНА» ДАНИЯ ЧЕМПИОНЫН АЙНАЛЫП ӨТІП, КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ШЫҚТЫ (ВИДЕО)

Бүгінгі қарсыласымыз өте мығым ұжым. Кезінде «Динамода» қазір әлем футболының жұлдызына айналған Лука Модрич пен Иван Ракитич те өнер көрсеткен. Жалпы, загребтік команда биылғы іріктеу кезеңін израильдік «Хапоэльмен» кездесуден бастады. Екі ойынның қорытындысы бойынша (5:0, 2:2) айқын жеңіп, келесі кезеңге шыға алды. Команда ойыншыларының құны 54,05 миллион еуроға бағаланады. Құрамында 16 легионер бар, оның 9-ы өз ұлттық құрамаларына тұрақты шақырылады.

«ҚАЙРАТ» ТАРИХЫНДАҒЫ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕН МАНСАБЫНА НҮКТЕ ҚОЙДЫ

Команда құрамындағы ең қымбат футболшы – 21 жастағы хорватиялық қорғаушы Филип Бенкович. Оның трансферлік құны – 11 миллион еуро. Маусым аралық үзіліс кезінде клуб өз құрамын барынша күшейтті. Командаға француздық «Сент-Этьеннен» Кевин Катрен, польшалық «Лехтен» Эмир Дилавер, грекиялық ПАОК-тан Марин Леовац, загребтік «Локомотивтен» Ловро Майер, италиялық «Болоньядан» Бруно Петкович келді. Клубтар рейтінгінде «Динамо» 77 орында болса, «Астана» 67 орынға жайғасқан. Бұған дейін қазақстандық клуб еурокубоктарда хорватиялық ұжымдармен кездесіп көрмеген.

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «ТОБЫЛ» ҚОЛДА ТҰРҒАН ЖЕҢІСТЕН АЙРЫЛЫП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Ал «Астана» іріктеу кезеңіне бірінші раундтан бастап араласты. Алдымен черногориялық «Сутьесканы» жарыс жолынан шығарған, одан соң Дания чемпионы «Мидтьюлландты» айналып өте алды. «Астана» сапындағы ең қымбат ойыншы – Педро Энрике. Оның құны – 3 миллион еуро. Жалпы, команда ойыншыларының жалпы трансферлік құны – 24,15 миллион еуро.

РЕСМИ: «АСТАНА» ФУТБОЛШЫСЫ ИСПАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АУЫСТЫ

Бүгінгі ойынға шотландиялық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас төреші – Джон Битон. Кездесуді тікелей эфирде QazSport телеарнасынан тамашалауға болады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*