Бес әлеуметтік бастама талқыланды

1463
2
Бөлісу:

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» ба­қылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов бастаған делегация Қызылорда облысына іс­сапармен келді. Кеңес төрағасы аймақтағы әлеуметтік және өнер­кә­сіптік нысандардың жұмысымен танысып, «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша кез­десуге қатысты.

Бақытжан Жұмағұлов Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «7 – 20 – 25» бағдарламасы ая­сындағы тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысты.
Сырдарияның сол жағалауынан сатып алуға қолжетімді 14 көпқабатты үйдің құрылысы күн санап қарқын алып келеді (облыста тұрғын үй кезегінде 27 мың адам, соның ішінде Қызылорда қаласының 23 мың тұрғыны бар).
Бақытжан Тұрсынұлы 2017 жылдың қара­шасында басталған «Қараөзек» жоғары техно­логиялық газды компрессорлық стансасының құрылысымен және сәуір айында Елбасының «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастамасы аясында ашылған Q-med клиникасының жұмысымен танысты. Үш айлық курстарда 3 және 4 санатты газ дәнекерлеушілері білім алатын «Электротехнология» ЖШС оқу орталығы мен «Болашақ» университетінде де болды.
Достық үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың, Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұловтың, «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуан­ғановтың, тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің, саяси партия және қоғам белсен­ділерінің қа­тысуы­мен Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын Қызылорда облысында жүзеге асыру бойынша кеңес өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы тапсырмасының аймақта іске асу барысы туралы баяндама жасады. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен шағын несиелер санының ұлғаюы арқылы биылғы жылдың 6 айында өзін-өзі уақытша жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адамның 27 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды.
«Жыл басында облыста өзін-өзі тиімсіз жұ­мыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адам анық­талды. 2018 жылдың 6 айында 7000-нан астам адамды жаңа жұмыс орындарына орна­ластырып, 20400-ден аса жұмыссызды өнімді жұмыспен қамтып, 20 мың азаматтың қызметін заңдастырып, оның 17 мыңға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісімшартын жасады. 3000-ға жуығы мемлекеттік кіріс органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде кәсіп­терін бастады» деді облыс әкімі.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова өңірдегі жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту және студенттік жатақханалар жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, Сырдарияның сол жаға­лауында мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде «Болашақ» университетінің қазіргі студенттік кампусының құрылысы жүргізілуде.
Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы орталық атқарушы органдардың басшылары жоспарланған іс-шаралар шеңберіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы баяндады.
Алқалы жиында Президенттің бастамаларын орындауда іс барысында кездескен мәселелер де көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. Осыған байланысты «Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша аймақтарда бес әлеуметтік бастаманы іске асыру барысында талдау жасалатын болады. Ол Үкіметке дейін жеткізіп, Елбасының алдында жасалатын баяндамаға негіз болып табылмақ» деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов.
Уақыт Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асырудың жақсы қарқынын қалыптасқанын көрсетті. Қызылорда аймағы әлеуметтік-эконо­микалық даму бойынша үздіктердің бірі және ары қарай өсу үшін әлеуеті мол.
– Біздің кездесуіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен байланысты болып отырғандығы баршаңызға аян. Бес әлеуметтік бастаманы іске асыруды қоғамдық бақылау үшін республикалық Қоғамдық кеңес құрылды. Осылайша, бақылау – Елбасы тарапынан бізге деген үлкен сенімді артқанын білдіреді.
Кеңестің екі отырысы өткізілді және барлық аймақ бойынша тығыз мониторинг жүргізілуде. Бес әлеуметтік бастаманы тиімді іске асыру мақсатында Үкімет барлық қажетті іс-шараларды қабылдады. Жол картасы мақұлданды, олардың ішінде 36 тармақтың 29-ы орындалды, ендігі мәселелер аймақтарға байланысты болып отыр.
Бірінші бастама бойынша заңнамаға сәйкес түзетулер енгізілді, «7 – 20 – 25» бағдарламасы бекі­тілді, «Баспана» ипотекалық ұйымы құрылды, алты банкпен келісім жасалды және қазіргі таңда шама­мен 1 млрд теңге сомасына ипотекалық несие берілді.
Бағдарламаны іске асырған сәттен бастап бір ай өтті, республика бойынша екінші деңгейлі банктер 420-дан астам өтінішті растады. Олардың арасында Қызылорда облысынан 2 өтініш қана мақұлданған. Осы орайда, белсенді жұмыс істеу қажет, Партия­ның саяси кеңесінде Президент кез келген аудиторияны түсіндіру жұмыстары үшін қолдану қажет деп айтқан болатын. Бұл жерде сіздер барлық мүмкіндікті қосуларыңыз қажет – ақпараттық қолдау орталығы, насихат топтары, БАҚ, сондай-ақ банк және құзыретті орган өкілдерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу керек.
Бірінші кезекте, ақпараттық жұмыстың ныса­налы тобы тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар болуы тиіс. Облыста олардың саны 27 мың, олардың ішінде, 12 мыңы – мемлекеттік және бюджет қызметкерлері.
Бұлар – бағдарламаның болашақ әлеуетті қатысушылары.
Елбасының екінші бастамасы бойынша салық заңнамасына тиісті түзетулер енгізілді. Салық 25 АЕК төмен жалақы алатын жұмысшылар үшін 10 есеге төмендетілді, мұның 2 млн астам адамға қатысы бар. Аталған тетік 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.
Үшінші бастама бойынша жоғары оқу орын­дары үшін 20 мың қосымша грант бөлінді және 2018-2019 оқу жылдарға гранттың жалпы саны 68 мыңнан асты. Қосымша гранттар негізінен, техникалық мамандықтар бойынша берілді. Бұл «жаңа экономикада» сұранысқа ие болатын мыңдаған маманды дайындауға жол ашады.
Енді келесі мәселе – Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы уақытта 75 мың орындық жатақ­хана салынады. Сыр өңірінде 1,5 мың колледж студенттері жатақханаға мұқтаж, ал ЖОО қатысты осы мәселе шешілді, ол – үлкен жетістік.
– Заңнамалық деңгейде біз барлық мәселені шештік. БҒМ заңға қажетті қосымша актілерді қабылдау үстінде. Министрлік таратқан ақ­парат­тары бойынша ұйымдастырушылық жоспардың бар­лық мәселелері қыркүйек айында шешілетін болады. Төртінші бастама бойынша микро­қаржылан­­дыруды кеңейту үшін қазірдің өзінде 20 млрд теңге бөлінді және оның жалпы көлем 62 млрд теңгеге дейін жетті.Бұл республика бойынша жалпы 14 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде несиені 21,3 млрд теңге сомасында 3,7 мың адам алып үлгерді, – деді баяндамасында қоғамдық кеңес төрағасы.
Кездесуді қорытындылай келе, әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов өңірде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.
Түстен кейін делегация мүшелері 10 ферманы біріктірген «Шиелі – төрт түлігі» ауылшаруашылық кооперативі мен тәулігіне 400 литрге дейін шұбат өңдейтін «Ару Ана» цехын да аралап көрді.

Миуа БАЙНАЗАР,

  Қызылорда облысы

Бөлісу:

2 пікір жазылған

  1. Тимур 24 Тамыз, 2018 at 17:47 Жауап

    Пять социальных инициатив представляет особую важность для молодежи. Думаю правильно, что был создан общественный совет.

  2. Мурат 24 Тамыз, 2018 at 17:48 Жауап

    В нашей стране для молодежи созданы абсолютно все условия , имеются море возможностей. Снова в копилку 5 инициатив

Пікір жазу


*