ҮНДІСТАННЫҢ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

667
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Свараджбен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономика, қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш, көлік-логистика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту және одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар ауыл шаруашылығы, фармацевтика, АТ-индус­трия­сы, инвестициялар және техно­ло­гия­лар трансферті салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандан­ды­ру­ға қызығу­шы­лық танытты. Сонымен қатар жетекші үнділік қаржы және инвестиция­лық компа­ниялардың «Астана» халықара­лық қаржы орталығының жұмысына қатысуына байланысты мәселелер қозғалды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 250,3 млн доллар­ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (190,7 млн доллар) 31,2%-ға жоғары.
Қазақстаннан Үндістанға экспорт 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 37%-ға өсіп, 174,2 млн долларды құрады. Қазақ­стан­нан Үндістанға экспортталатын негізгі тауарлар – шикі мұнай, күміс, асбест, сутек, инертті газдар және басқа да металл емес заттар, ферроқорытпалар, тантал және олардан жасалған бұйымдар және т.б.
Үндістаннан Қазақстанға 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында импорт көлемі 19,8 пайызға артып, 76,1 млн долларды құрады. Негізінен, бұл көрік және өнер­кәсіп­тік пештер, топырақты сұрыптау және ұсақтауға арналған жабдықтар, отқа төзімді керамикалық бұйымдар, топырақ жұмыс­тары­на арналған машиналар мен механизм­дер және басқа да тауарлар.

Абылайхан ЖҰМАШ,

Динара ТІЛЕУБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*