Бесінші Каспий маңы саммиті өтеді

1191
0
Бөлісу:

12 тамызда Ақтауда Каспий маңы елдерінің V саммиті өтеді. Қазақстан   Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен саммитке Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан Республикасының президенті Гурбангулы Бердымұхамедов қатысады. 

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық статусы, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ самиттің негізгі қорытынды құжаты – Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы конвенция болмақ.
Конвецияны әзірлеу жұмысы 20 жыл бойы жүргізілді. Құжат жобасында тарап­тар­дың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары, теңіз акваториясын, ұлттық су түбі сектор­ларын бөлу мәселеле­рі, биологиялық ресурстарды, су түбі мен жер қойнау­ларын игерумен байланысты әскери ынтымақтастық және шаруа­шы­лық-экономикалық қызметті жүргізу, кеме жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, теңіз­ге қатысты ғылыми зерттеулер т.с.с. нақтыланғанын айта кеткен жөн.
Каспий теңізінің құқықтық статусын реттеу Каспий аймағының саяси тұрақты­лығы мен экономикалық дамуын қамта­ма­сыз ету, оның табиғи байлығын сақтау және көбейту, бірегей география­лық орна­ласуын пайдалану, жағалау маңын­да­ғы бес мемлекеттің жан-жақты ынты­мақ­тастық орнатуы тұрғысынан старте­гия­лық маңызды.
Саммиттің алдында Ақтауда 10-11 тамыз аралығында Арнайы жұмыс тобы­ның отырысы және Каспий маңы мемле­кет­терінің Сыртқы істер министр­лерінің кеңесі өтпекші.
Бұған дейін Каспий маңы мемле­кет­тері басшылары төрт мәрте кездескен. Атап айтар болсақ, 2002 жылы 23-24 сәуірде Ашхабадта, 2007 жылы 16 қазанда Тегеранда, 2010 жылы 18 қарашада Баку­де, 2014 жылы 29 қыркүйекте Астраханда бас қосты.
2002 жылғы бірінші Каспий саммиті жоғары деңгейлердегі кездесулерді өткізуге негіз болды. 2007 жылы Тегеранда өткен Екінші Каспий саммитінің қоры­тын­дылары бойынша Әзірбайжан Респуб­ли­касының, Иран Ислам Рес­пуб­ликасының, Қазақстан Республика­сының, Ресей Федерациясы және Түркіменстан Декларациясына қол қойылды. Онда Каспийдің құқықтық статусының негізгі мәселелерін, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылық, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері бойынша Каспий маңы мемле­кет­терінің ұстанымдарымен бай­ла­нысты мәселелер бойынша мемле­кет­тер­дің қолда­ныс­тағы келісімшарттарын саяси деңгейде бекітті.
2010 жылы Бакуде өткен Үшінші Каспий саммиті аясында Президенттердің Бірлес­кен мәлімдемесі мен Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласында ынтымақтамстық туралы Келісімге қол қойылды.
Бірлескен мәлімдемеде «каспийлік бестік» көшбасшылары тағы да екінші саммит Декларациясында көрініс тапқан ұстанымдарына беріктігін растап, Каспий теңізінің құқықтық статусы туралы Конвен­ция­ға қатысты жұмысты аяқтау қажеттігін атап өтті.
Шекті келісім бола отырып, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келі­сім негізгі салалар мен ынтымақтастық түрле­рін нақтылай отырып, Каспийде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңға қайшы іс-әрекеттермен күресуде жағалау мем­­ле­­кет­терінің өзара іс-қимылы үшін құқық­тық негізге айналды. Мұндай өзара іс-қимылдың нақты механизмдері, тарап­тар­­­дың жалпы түсінігі бойынша аталған келісімге жасалатын тиісті хаттамаларда нақтыланады.
Бұдан өзге, Әзірбайжан астанасында бес мемлекеттің басшысы жағалаудағы мемле­кет­тің егемендігіндегі су кеңістігін қамти­тын ұлттық аймақтың еніне қатысты ымы­ра­сыз келісімге қол жеткізді. Ұзақ уақыт бойы нақ осы мәселеде Каспийдегі келіс­сөз­дерде кедергі көп болған еді. Бакудегі кездесу аясында сонымен қатар Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балық­тар­ды аулауға мораторий енгізу механизмін әзір­леу туралы келісімді бекітті (мемле­кет­тер басшылары деңгейінде тиісті хаттамалық шешім қабылданды).
2014 жылы Астрахандағы Төртінші Каспий саммиті барысында президенттер бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Онда жағалаудағы мемлекеттер теңіздегі іс-әрекетін сәйкесінше жүргізуі тиіс көптеген қағидаттар тізімі нақтыланған. Бұл қағи­дат­тар Каспийдің құқықтық статусы туралы Конвенция жобасына инкор­по­ра­ция­­­ланды.
Атап айтқанда, мәлімдеме жағалаудағы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынас негіздеріне, Каспий теңізін бейбіт мақсатта пайдалануға, Каспий аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, теңіздегі әскери құрылыс пен әскери іс-қимылға, Каспий акваториясын, су түбі мен қойнауларын бөлуге, кеме жүргізу режиміне, Дүниежүзі­лік мұхитқа еркін қолжетімділік құқы­ғына, Каспий теңізінің биоресурстарын пайдалану мен табиғи ортасын қорғауға және теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты қағидаттарды нақтылайды. Каспий келіссөздері аясында аталған мәселелердің басым бөлігі бойын­ша пікірталастар ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді.
Сонымен қатар Төртінші саммитте Коммю­нике қабылданды, онда мемле­кет­тер басшылары Каспийдегі келіссөздер процесіндегі ілгерілеуді атап өтіп, одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағытта­рын көрсеткен.
Сондай-ақ Төртінші саммит аясында Каспий теңізінің биологиялық су ресурс­тарын сақтау және ұтымды пайдалану, Каспий теңізіндегі төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою саласындағы ынты­мақ­тастық туралы Келісімге және Каспий теңізінде гидрометеорология саласындағы ынты­мақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Жоғарыда аталған Астрахан самми­тінің қорытындысы бойынша Каспий маңы елдері басшыларының мәлім­демесіне сәйкес кезекті Бесінші Каспий саммиті Қазақстан Республи­ка­сын­да өткізіледі.

Абылайхан ЖҰМАШ,

Динара ТІЛЕУБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*