ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

842
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы  Ұлттық қорғаныс университетіндегі әскери-ғылыми взводына түскен жас сарбаздар салтанатты түрде әскери Ант қабылдады.

Қазақстан Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметке алғаш шақырылған жастарды әскери-ғылыми взвод құрамына бірінші рет қабылдап отыр. Әскери-ғылыми взвод әскери басқару органдары мүдде­сіне қолданбалы және іргелі зерттеу­лер саласындағы перспективалық ғылыми-зерттеулер, тәжірибелі-құрастыру және сынақ жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Әскери-ғылыми зерттеу орталығының құрамында құрылған. Жаңадан құрылған әскери-ғылыми взвод құрамына белгілі бір білімі, дипломы бар сарбаздарды шақыру туралы Қорғаныс министрлігі тиісті шешім қабылдап, тәртібі бекітілді. Оның тетіктері пысықталды. Жас сарбаздардың әрқайсысы жоғары оқу орындарында оқып білім алған, дип­­ломдары бар, робототехника, ақпарат­тық технологиялар мен киберқауіпсіздік сал­а­сындағы білімдері бар сауатты сарбаздар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери-ғылыми взвод құрамына мерзімді әскери қызметке алынған әскери қызметшілермен кездесті. Кездесу барысында қорғаныс министрі қысқа мерзімдегі әскери қызметкерлердің тұрғын жайымен, алдағы уақытта әскери-ғылыми взводтың мамандарын тарту жос­пар­­ла­нған ғылыми жобалармен танысты. Қор­ғаныс ведомствосының басшысы универ­ситеттің әскери-ғылыми базасының дамуы­на баса назар аударды. Мерзімдік әске­ри қызметке шақырылып отырған тұң­ғыш әскери-ғылыми взвод құрамына, әскери ғылымның дамуына қомақты үлес қосуға және Қазақстан Қарулы Күштері қатарында лайықты қызмет етулеріне тілек білдірді.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*