«Платина» «алтынды» ығыстырды

869
0
Бөлісу:

Қазақстанның банк секторы бүгінге түрлі өзгерістерді бастан кешуде. Кейбір екіншідеңгейлі банктер белгілі бір қызмет түрін көрсету лицензиясынан айырылып жатса, Халық банкі мен Қазкоммерцбанктің бірігу процесі аяқталды. Нарықтағы өзгерістер қызмет сапасына да әсер етпей қоймайды. Қазақстандықтар өз қаржысын сеніп тапсыратын сенімді, ыңғайлы, заманауи қаржылық ұйым іздейді. Әсіресе, ыңғайлы мобильді интернет-банкинг тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Уақыт өткен сайын қолма-қол төлем көлемі азайып, карточка арқылы төлеу, аударым жасау көрсеткіші артып келеді. Мамандар банктердің арасындағы бәсекелестік қазақстандықтар үшін тиімді деген пікірде. Өйткені олар бүгін клиенттерін ұстап қалу үшін түрлі ұсыныстар ұсынуға мүдделі.

Қазіргі кезде екіншідеңгейлі банктер ұсынып отырған ұсыныстардың бірі – Platinum деңгейіндегі карталарды жай карталарға қарағанда тиімді шартпен алуға болатыны. Яғни, «платиналық» ұсыныстар өзінен төменірек сегментке деген қызығушылықты төмендетуде.
Қазақстан экономикасы мен банк секторына мониторинг жасап отыратын Ranking.kz мәліметіне сүйенсек, нарықтың қарқынды дамуы жағдайында екіншідеңгейлі банктер клиент үшін бәсекені арттырып тұр. Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ, карталық сегментте «алтын» деңгейіндегі Gold карталары қарапайым карталардың бағасымен бірдей ұсыныла бастағанына көп бола қойған жоқ. Алайда бәсекелестік қызған шақта «алтын» ұсыныстар өзекті емес, оларды «платина» карталар ығыстырып барады.
Өйткені Қазақстандағы карталық нарық үлкен карқынмен дамып жатыр. Мәселен, айналымда жүрген банк карталарының көлемі 1 айдың ішінде 1,2 пайызға өссе, бір жылда 24,9 пайыз өсім көрсеткен. Соңғы 5 жылдықта қолданыстағы карталардың қатары 54,3 пайызға артып, қазіргі кезде олардың саны 20,8 миллионға жеткен. Солардың ішінде 10 миллионнан аса карта белсенді түрде қолданылады екен. Яғни, қазақстандықтар қолма-қол төлемнен, карталық төлемге жаппай көшіп жатыр. Бұл көрсеткішті осыдан 5 жыл бұрынғы сандармен салыстырса, 73,6 пайызға артық. Сонымен қатар карталар бойынша ақша айналымының да көлемі артқан. Қолма-қол ақша алу мен қолма-қол емес төлем көлемі соңғы бір жылда 38,5 пайызға артып, ақша айналымы 1,5 триллион теңгеге дейін өскен. Сарапшы Виорика Бектұрғанова қазақстандық екіншідеңгейлі банктердің іріленіп жатқанын айта келіп, олар клиенттің сұранысына қарай бейімделіп жатқанын тілге тиек етеді.
– Нарықта банктер ұсынып отырған карточ­калардың қатары көп. Оны бұрынғыдай жалақы аудару мен шешу үшін ғана қолданбайды. Қазір жағдай өзгерген. Карталарды есеп айырысу, аударым жасау, интернеттен сатып алу, ком­муналдық қызмет пен түрлі төлемдерді төлеу үшін қолданады. Бізде бұл нарық табиғи даму жолында. Нәтижесінде, банктер сапалы өнім ұсынуға ұмтылуды. Нарықта жаңа ұсыныстар мен қызметтер тұрақты түрде пайда болап отырады. Интернет-банкинг арқылы өз шоттарыңның арасында аударым жасау, басқа банктердің қарточкаларына ақша жіберу, өзге төлем жүйелерінің картасына аудару сынды қызметтер ұсынатын банктер бірнешеу. Соның ішінде қажетті салалар бойынша бейімделіп жатқандары да бар. Мәселен, ком­муналды төлем жасау мен айыппұл төлеу, купон сатып алу керек болса – бір банк, ал халықаралық аударым жасау керек болса, келесі банктің интернет-банкингін пайдаланған тиімді. Барлығы клиенттің сұранысына байланысты, – деп тұжырым­дайды Виорика Бектұрғанова.
Қазіргі кезде Қазақстанда екіншідеңгейлі 32 банк болса, соның ішінде өз банкоматтық желісі бар он екі банк «платиналық» дебеттік картаны ұсынады. Жалпы, Platinum сегментіндегі өнімнің саны – 14. Соның ішінде платиналық картаны тегін беретін АТФ банк қана. Басқа банктердің платиналық қартасының жылдық қызмет көрсету құны – 10-12 мың теңге аралығында. Өз банкоматтар желісінде де, шетелде де пайызсыз және комиссиясыз қолма-қол ақша алу қызметті тек 2 банк ұсынып отыр: АТФ банк пен Forte. Ranking.kz келтірген мәліметтер бойынша, тура осындай қызметті Қазақстан аумағында Сбербанк, Kassa Nova және Altyn Bank сынды қаржы ұйымдары ұсынады. Сонымен қатар кейбір банктерде платина карталар бойынша кэшбэк қарастырылған. Мәселен, АТФ банк карталарында 1,5 пайыздық кэшбэк нақты ақша ретінде түседі, тіпті тұрақты клиенттері үшін 5 пайызға дейін көбеюі мүмкін.
«Платиналық» карта ұстаушылары үшін картаға байланған жинақтық шот та қосымша пайда әкеледі. Бұл жерде клиенттің депозитіндегі де, карточка­сындағы да қаржысына пайыз есептелінеді.

Үмітжан ЖАПАР

Бөлісу:

Пікір жазу


*