Құрылтайға дайындық пысықталды

545
0
Бөлісу:

Келесі аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бер­дімұхамедов жеке кездеседі деп күтілуде. Осы­ған орай Қазақстанның Сыртқы істер ми­нистрі Қайрат Әбдірахманов пен Түркіменстан ми­нистрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі  телефон аРашид Мередоврқылы тілдесті.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында қос елдің сыртқы саясат ведомстволарының жетекшілері екі мемлекет басшысының алдағы жоғары деңгейдегі кездесуіне дайындық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тиімді саяси өзара ықпалдастық, кеңейген сауда-экономикалық ынтымақтастық және нығайып келе жатқан мәдени-гумани­тарлық байланыстар дәлел болып табылатын қазақ-түркімен қатынастарының жоғары динамикасы атап өтілді.
Тараптар алда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммитінің ұйымдастыру және мазмұндық қырларын пысықтауға ерекше назар аударды. Сондай-ақ биыл 25 жылдық мерей­тойын атап өтетін «Халықаралық Аралды құтқару қорының» негізін қалаушы мемлекеттер ретінде бірлескен қызметті талқыға салды.
Еске сала кетсек, биылғы 12 тамызда Ақ­тауда ұйымдастырылатын V Каспий саммитіне теңіз жағалауындағы бес елдің, атап айтқанда Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан және Ресей президенттері қатысады деп күтілуде. Бұл құрылтайда мемлекет басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін түпкі­лікті анықтамақ. Сонымен бірге, экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері күн тәртібіне шығарылып отыр.
Саммиттің басты қорытынды құжаты ретінде бес ел президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қоюға тиіс. Каспий теңізін және оның қазыналы байлығын бес мемлекет арасында бөлуге қатысты ширек ғасырдан астам уақыттан бері шешілмей келген түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға тиісті бұл тарихи құжаттың ақырғы жобасы өткен жылғы 4-5 желтоқсанда аталған мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің келісімінен өтті. Бұл келісімге сәйкес, Каспий­дегі ең үлкен бөлік Қазақстанға тиюі керек.
Сондай-ақ саммит аясында бесжақты үкі­метаралық құжаттар да бекітіледі деп жос­парлануда.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*