Отандық медицинаға қызығушылық танытты

676
0
Бөлісу:

Қазақстанда медициналық туризмді дамыту аясында қазақстандық клиникалардың медициналық қызметтерін шетелде жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметтерді жылжытудың негізгі тетіктерінің бірі – көрмелер, ақпараттық шерулер, конференциялар және форумдар ұйымдастыру.

Шілде айының соңында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы туристік операторлар мен агенттіктердің басшылары, Қырғыз Республикасы меди­циналық ұйымдарының өкілдері үшін Алма­тының медициналық клиникалары бойынша ақпараттық шеру өткізді.Шара аясында де­легация қазақстандық медицина орта­лықтарымен, жоғары технологиялық меди­циналық қызметтер көрсететін клиникалық ауруханалармен таныстырылды. Атап айтқанда, олар – Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана, Орталық клиникалық аурухана, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, PERSONA халықаралық клини­калық репродуктология орталығы, №7 қала­лық клиникалық аурухана, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Репро­дуктивті медицина институты.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғы­лыми орталығын аралау барысында делегация орталықтың жұмысымен, оның төсек-орын қорымен, кадрлық әлеуетімен, көрсететін медициналық қызметтер аясымен, қамтылған медициналық жабдықтарымен танысты. Одан ары ынтымақтасу шеңберінде онкопатологиясы бар балаларды диагностикалау және емдеу мәселелері, Педиатрия және балалар хирур­гиясы орталығы базасында Қырғыз Респуб­ликасынан келген ауыр онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балаларды емдеуде гемопоэздік дің жасушаларын трансп­ланттау мүмкіндігі талқыланды. Қырғыз бала­лары Алматыда емдеу артықшылықтары­ның ішінде географиялық жағынан жақын орналасу, науқасты тасымалдау шамамен 2 сағатқа созылады. Жаңа емдеу технологиялары, жоғары білікті медициналық персонал, қызметтерге дереу қол жеткізу, әр клиентке жеке қызмет көрсету, сондай-ақ қазақстандық клиника­лардың баға саясаты аталып өтті.

А.ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*