Қолжетімді баспанаға қалай қол жеткіземіз?

786
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы «Тұрғын­үйқұры­лыс­жинақбанкі» акционерлік қоғамы мен халық арасында алтын көпір болып, қос тарапты жолықтырып, мәселенің мәнісін тарқатуға ерек­ше назар аударып отыр. «Нұр Отан» пар­тия­сы Алматы облыстық филиалының қоғам­дық қабылдау бөлмесінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшылығы баспанаға мұқтаж жандар үшін қабылдау ұйымдастырды.

Қабылдауға келгендерге «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары ая­сында ел тұрғындарының баспаналы болуы­­на жасалынып жатқан мүмкіндіктер тура­­сында егжей-тегжейлі ақпарат беріліп, сауалдарға жауап қайтарылды.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиев, банктің бизнесті дамыту бөлімінің I санаттағы ма­маны Лаура Данабекова, сарапшылар Айнұр Тоқаева және Гаухар Құмарова алда­рына келген әрбір азаматтың жағдайын мұ­қият тың­дап, зерделеп, олардың банк арқылы баспаналы болуы үшін қандай қарекеттер жасауы тиістігін түсіндірді.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жасұлан Құрманғалиевтың ай­туынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы жаңа құрылыс жобаларының қатысуын қарас­тырады. Бағдарлама аясында несие бойынша мөлшерлеме баспана құнының 30 пайызын құрайтын бастапқы жарнаны қосқанда 5 пайыздан басталады. Ипоте­калық тұрғын үй займдары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мүмкіндігі де ойластырылған. Мемлекеттік бағдарламалар мен жекеменшік құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылы­сын­дағы нысандардың барлығы бір жерге топ­тас­тырылған. Соған сай baspana.kz сайты арқы­лы өтініш тапсыруға және ұнаған бас­пананы таңдауға және тағы басқа да жұмыс­тарды атқаруға болады.
Қабылдауға барлығы 45 адам келіп, тұр­ғын үй кезегі, пәтер бағасы мен сапасы, несие мөлшерлемесі мен жаңа мемлекеттік бағдар­ламалар туралы сұрақтарға жауап тапты. Банк басшылығына дәл осындай қоғамдық қабыл­даулар ұйымдастырып, ашық акциялар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсін­діру жұмыстарын күшейту туралы ұсыныс жасалды.

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*