Қазақ диаспорасына фильмдер табысталды

806
0
Бөлісу:

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары Қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова, Қазақстан жастары Конгресінің директоры Тоқтар Болысов және ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар саясаты департаментінің бас сарапшысы Ардақ Жүсіповамен кездесті.

Кездесу барысында Түркия еліндегі қазақ диаспорасына «Болашақ» Қауымдастығының Корпоративтік Қоры қазақ тіліне дубляждаған голливудтық фильмдер табысталды.
«Түркия Республикасындағы қазақ диаспорасы 20 мыңға жуық адамды қамтиды. Бүгін біз қазақ тіліндегі фильмдерді отандастарымыз үшін кинокөрсетілімдер ұйымдастыру үшін табыстадық. Осылайша, қандастарымыз тарихи Отанымен байланысты нығайтып, шетелдегі қазақ балаларымыздың ана тілінде сөйлеуіне септігімізді тигіземіз деп сенемін» деді «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Л.Демесінова.
Елшіліктің Баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Сапарбекұлы өз кезегінде қазақ диаспорасымен және қазақстандық жастармен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, Түркияда қазақ тілі және қазақ ұлттық музыкалық аспаптары курстары туралы сөз қозғап, қазақ ақын-жазушыларының түрік тіліне аударылған кітаптары туралы мәлімет берді.

«Болашақ» Қауымдастығы аттас Президенттік бағдарламаның 12 мыңнан астам стипендиаттарының мүдделерін білдіретін Қазақстан Рсепубликасының ең сәтті қоғамдық коммерциалық емес ұйымдардың бірі болып табылады.
2001-жылдан бастап Қауымдастықтың мүшелері білім беру, білім тасымалдау, сараптамалық әлеуетті қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту салаларында 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды.
Қауымдастықтың ең жарқын және әйгілі жобаларының бірі голливуд блокбастерлерін қазақ тіліне дубляждау бойынша «Өзіңнен баста!» жобасы екенін айта кеткеніміз жөн. «Өзіңнен баста!» жобасы аясында 2011-жылдан бастап «Болашақ» Қауымдастығының Корпоративтік Қорымен қазақ тіліне 25 голливудтық кинокартина дубляждалды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*