«Қайрат» әйгілі голландиялық клубты жеңді (видео)

896
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайрат» өз алаңында голландиялық «АЗ Алкмар» клубын қабылдап, 2:0 есебімен басым түсті. Командалар Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында кездескен болатын.

ЕРКЕБҰЛАН СЕЙДАХМЕТ «УФА» САПЫНА ІЛІНБЕЙ ҚАЛДЫ

Матч басталғаннан ақ жергілікті команда белсенді ойын көрсетіп, өз басымдылығын ұстап тұруға тырысты. 12 минутта Адеринсола Эсеола есеп ашып, «Қайратты» алға шығарған. Украиналық футболшы жазғы трансферлік терезе кезінде клубқа ауысып келген болатын. Эсеола  матчтың 49 минутында екінші голын соғып, қарсылас команданы тықсыра түсті.

ЧЛ: «АСТАНА» ТӘЖІРИБЕЛІ ҚАРСЫЛАСТАН ЖЕҢІСТІ ЖҰЛЫП АЛДЫ (ВИДЕО)

Қос команда арасындағы қарымта кездесу тамыздың 2-інен 3-іне қараған түні Голландияда өтеді. Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады.

«АСТАНА» БИЫЛ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҒА АЛА МА?

«АЗ Алкмар» былтыр Голландия чемпионатының қола жүлдесін еншілеп, ел кубогының финалына дейін жеткен еді. Ал «Қайрат» ел кубогы жолындағы тартыста ешкімге дес бермей, ал чемпионатта тек күміс жүлдемен шектелген.

Кездесу хаттамасы

«Кайрат» – АЗ – 2:0 

Голы: Эсеола, 12, 50

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) – Ян Вороговский, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев – Исламбек Қуат (85, Парагульгов), Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) – Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин (90+1, Жуков), Адеринсола Эсеола (78, Эппель).

Резерв: Стас Покатилов (Қ) – Айбол Әбікен, Станислав Лунин – Вячеслав Швырев.

АЗ: Марко Бизот (Қ) – Марко Бизот, Рон Влаар, Томас Оуведжан, Пантелис Хацидиакос -Матс Сентьенс, Фредрик Мидтше, Гуус Тил (К) – Мирон Боаду, Уссама Идрисси, Фред Фрайдей.

Резерв: Роди де Бур (Қ) – Оуэн Вайндал, Леон Бергсма – Илиас Бель-Хассани, Джейми Якобс, Тиджани Рейндерс – Ферди Дрейф.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*