ЖОЛ САЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ МӘН БЕРІЛЕДІ

1319
1
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пре­мьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабыл­да­ды. Кез­десуде Үкіметтің 2018 жылғы бірінші жар­ты­жыл­дықта атқарған жұмыстарының қорытындылары, мем­лекеттік және салалық бағдарламалардың іске асы­рылу барысы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-эко­но­­ми­калық даму көрсеткіштері артып келе жатқа­ны­на қарамастан, мемлекет тарапынан қабылданған бағ­дарламалар тұрғындарды толық қамтымай отыр­ға­нын айтты.
– Бірінші жартыжылдық аяқталды. Көрсеткіш­тер өсіп келеді. Жалпы, халықтың әл-ауқаты жақсы. Біз ин­дустриялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағ­дарламалар қабылдадық. Алайда жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер оларды то­лық орындамай отыр, бекітілген бағдарламалар өңір­­­лерге жетпей жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы коммуналдық қызмет көрсету тариф­тері­нің өскеніне және еліміздегі жоғары оқу орын­да­рындағы оқу ақысының қымбаттағанына тоқ­талып, медициналық қызмет пен білім сапасының төмендеп бара жатқанын атап өтті.
– Коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Ме­дициналық қызмет көрсету нашарлады. Білім алу қым­баттап барады. Жастар біздің университеттердегі бі­лім сапасының төмендігіне байланысты Ресейдің жо­ғары оқу орындарын таңдайтын болды. Біздің қо­ғамда осындай проблемалар жиі көтерілуде, – деді Мем­лекет басшысы.
Қазақстан Президенті ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін арттыру, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәсе­лелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік баста­маны» және инфрақұрылымдық даму бағдарлама­сын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлерде жол салу мәселесіне де назар аударды.
Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен жер­гілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған мем­лекеттік және салалық бағдарламалардың са­палы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың жүзе­ге асырылуына мұқият бақылау жасауды тап­сырды.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Мурат 24 Шілде, 2018 at 16:00 Жауап

    «шағын және орта бизнестің рөлін арттыру»- мысалы Алматыда және Алматы манайында бір кедергі пайда болды. Бұрынғы электр, жылу, су ескіде 50% артықпен салынатын. Қазір болса ол көздері тауысылды, жеткіліктісіз емес жеткілікті бірақ конкретно істеп тұрған транформаторлар, су қубырын үлкейту керек. Қысқаша айтқанда шағын бизнес әсіресе електрмеркезінен техусловия сұраса жоқ дейді, жақында бір пекарня 25кВт бар кенеуі үшін тағы 25 квт сураса оған жоқ дейді. Қазбалап еді трансформатордын күші 250квт оны 400 ге ауыстыру қажет, демек шағын бизнестін мойына 25квт алу үшін көтере алмайтын жүк.
    Анау спеццон жанында индустрия зона деген жазу тұр , әу дегенде билік су електро газ тартып береміз деп алдынғы әкім үәде берді. Бизнесте қызығу танытты ақырында оларға өздерін тартасындыр деп еді бәрі қашып кетті. Ол алып бизнес, ал шағын не істемек.
    Шағын бизнестін ерекшілігі бірінші жер үй сатып алады, сол үйден бизнесін бастайды, ал сол жер үйлердін манайын еске алсақ лампалары сығырайып, жыпылықтап жанып турады. Бұл жерде қайдағы бизнес пайда болады? електромеркезінін берген қуаты үй қажетіне де жетпейді. Трансфоматорларды жана кірген аудандарда жаппай қуаттарын 50-100% ке ауыстырса артық болмас, нан сурамайды тұра берсе қайту эфектісі шағын бизнестен ақталады..

Пікір жазу


*