ЕЛБАСЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

884
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстанның белгілі спорт­шысы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Юрьевич Теннің қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күй­зеліспен қабылдадым. Орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын.
Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді.
Таланты әлемнің көптеген елде­рінде мойындалған Денис даңқты спортшы ғана емес, сондай-ақ бітімі ерекше тұлға, Қазақстанның нағыз патриоты еді. Денис Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады» делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*