Бәсекеге қабілеттілікті арттырады

738
0
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы партияны цифрландыру тақырыбында бастауыш партия ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ең алдымен, «Нұр Отан» партиясы Қа­­ратөбе аудандық филиалы төрағасы­-ның бірінші орынбасары Н.Оразов Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының 2017 жылғы 3 қа­рашадағы Саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларына сай, партиялық жаңғыру, соның ішінде партияны цифрландыру бойынша жалпы елімізде, оның қатарында ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Партия өз қызметін жаңғырту мақ­сатында биылдан бастап 22 жаңа партия­лық жобаны қолға алды. Соның ішінде партияның барлық қызметін цифрлан­дыруға бағытталған «Цифрлы партия» жобасына ерекше маңыз берілуде. Жобаның мақсаты партия мүшелерінің өзекті деректер базасы, партия мүшеле­рінің әлеуметтік жобалары мен партиялық резервті қалыптастыру, онлайн қызметтер мен онлайн оқыту, өтініш берушілердің партияға жазған өтініштерін өздері қадағалауы және мемлекеттік бағдарла­маларды электронды мониторингтеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау екені аталып өтті.
Сонымен қатар аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, цифрландыру жобасы аясында балаларға тегін ІТ сыныптар, білікті ма­мандарды даярлауға арналған ІТ орта­лықтар ашу жүзеге асырылмақ. Осы бағытта алдағы 1 қыркүйектен бастап ау­данымызда бір ІТ сынып жұмысын бас­тап, ауыл балалары жаңа ІТ технологиялары бойынша тегін білім алатыны сөз болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар партия тарапынан қолдау тапқан бастама аудан тұрғындарының цифрлы сауаттылығын арттырып, қызмет көрсету сапасының жақсаратынын атап өтіп, жобалардың жүзеге асырылуына барынша қолдау жасайтындықтарын білдірді.
Назгүл ҚОЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*