Бастамаға барынша назар аударылды

659
0
Бөлісу:

Алматыда «Нұр Отан» партиясының Наурызбай аудандық филиалы Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы бойынша жиын өткізді. «Туған жер» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырған шараға қалалық мәслихат депутаты Асылхан Төлепов қатысып, №174 мектеп-гимназия ұжымымен жан-жақты пікір алмасты.

Кездесу барысында Асылхан Төлепов Елбасы ұсынған негізгі міндеттерді атап өтіп, алдағы уақытта халықтың әлеуетін жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асыру тетіктерін айтты. Мәселен, келешекте кез келген қазақстандық азамат баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалана алады. Ол үшін Ұлттық банк арнайы ұйым құру арқылы ипотекалық несиенің
«7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірледі. Осы шарт бойынша берілетін не­сиенің өсім мөлшерлемесі 7 па­йыздан аспайды және бастапқы жарна 20 пайызға дейін түсіріледі.
Осы секілді партияның халыққа тиімді жобалары кең ауқымда сөз болып, мамандардың сұрақтарына депутат нақты жауап берді.
Дания КҮЗЕМБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*