Астанада ана өлімі неге көбейді?

726
0
Бөлісу:

Астана қаласының № 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «Астанадағы № 2 перинаталдық орталығында 16 шілдеде сағат 09.25-те босанған әйел қайтыс болды. Көмек көрсету барысында ана мен бала ұлттық орталығының мамандары мен кардиохирургиялық орталықтың профессоры тартылды. Реанимациялық іс-шара қолданылғанмен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады» деді.  Босанған әйелдің қызы аман-есен. Жағдайы қанағаттанарлық. «Бұл іс бойынша комиссия сараптама жүргізіп жатыр. Нәтиже барысында өлім себебі анықталады» деді басқарма өкілі.

Бұған дейін де Астананың №1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны белігілі.  1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде, екінші 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болған еді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*