ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ

606
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Зәмзәгүл Шәріпованың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан­ның халық артисі, театр және кино өнерінің майталманы Зәмзәгүл Шәріпованың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.
«Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ұлттық драматургия сала­сындағы талантты актерлер шоғырының бел­ді өкілде­рінің бірі болатын. Оның кинода және театр сахнасында сомдаған айшықты рөл­дерін өнерсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады. Ол ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасы арқылы өз саласында айрықша із қалдырды. Зәмзәгүл Шәріпованың қазақ өнеріндегі ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды деп сенемін» делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Пікір жазу


*