Қазақтар Голливудта алтын иеленді

925
0
Бөлісу:

«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта World Champions Olympic байқауына қатысып, өз номинациялары бойынша алтын медаль иеленді.

– Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинациясын да жеңімпаз атанды.  Жеңісімізді «Ұлттық домбыра күніне» арнаймыз, – деді топ продюсері  Алпамыс Шәрім.

Сонымен қатар Алпамыс Шәрім «Бастау» тобын қолдаған Қазақ ұлттық университетінің ректоры Айман Мұсаxоджаеваға  алғысын білдірді.

World Championship of Performing Arts – WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік олимпиада ойындарымен тең. Лос-Анджелесте өткен сайыс биыл 22 рет ұйымдастырылып отыр. Олимпиадаға 72 мемлекеттің өкілі қатысты.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*