Доллар арзандады

545
0
Бөлісу:

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 344,21 теңгені құрады. Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,05 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 344,1 теңге, ал ең жоғарғысы 344,35 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 64,55 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 344,26 теңге, күндізгі сессияда 344,52 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 344,37 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 206,6  млн долларды құрады.

kase.kz

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*