«Әлем чемпионаты – 2018» жаңалықтары

1272
0
Бөлісу:

Қазір Ресейдегі әлем чемпионатында демалыс. Жартылай финалған шыққан төрт үздік құрамалар алдағы жауапты матчтарға дайындықтарын пысықтауда. Олардың әрқайсының ойыны мен потенциалы талдауға тұрарлық нәрсе. Дегенмен дәл қазір назарымызды осы чемпионат аясында орын алған маңызды жаңалықтарға бұра тұрсақ.

BYE, RUSSIA! ХОРВАТИЯ ЖАРЫС ҚОЖАЙЫНДАРЫНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ (ВИДЕО)

  • Тура чемпионат басталар алдында бас бапкер Хулен Лопетегиді қызметтен қуған Испания футбол федерациясы ақыры өз таңдауларын жасапты. Енді «қызыл фурияны» Луис Энрике баптамақ.

  • Бұл бапкердің есім-сойы көпшілікке «Барселона» арқылы жақсы таныс. Ол каталониялық клубпен бірге Чемпиондар лигасының кубогына және Испания чемпионы атағына қол жеткізді. Оған дейін «Сельта» мен «Романы» баптағаны тағы бар. Ал Испания құрамасы әлем чемпионатында Фернанда Йерроның баптауымен өз тобында бірінші алған болатын. Бірақ плей-офф кезеңінде Ресеймен кездесіп, пенальти сериясында жеңіліп қалды.

ГАРЕТ САУТГЕЙТТІҢ КОМАНДАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ (ВИДЕО)

  • Француздың ПСЖ клубы Бразилия құрамасы мен «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Филиппен Коутиньоны өз қатарларына қосқысы келеді. Париждік клуб ойыншы үшін 270 миллион еуро ұсынуға әзір. Бұл футболшы биыл қаңтар айында «Ливерпульден» каталониялық «Барселона» сапына ауысқан болатын. Ойыншы үшін 125 миллион еуро төленіпті. Келісімшарт бойынша Коутиньо Барса қатарында 2023 жылға дейін ойнайды. Осы маусымда ойыншы Испания чемпионатында 18 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 5 нәтижелі пас шығарды. Ал Бразилия құрамасымен ширек финалға жетті.

«ҚЫЗЫЛ СОЙҚАНДАР» ПЕНТАКАМПЕОНДАРДЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ҰШЫРДЫ (ВИДЕО)

  • Танымал ESPN телеарнасы Ресейдегі әлем чемпионатында ойнап көпшілікке танылған ойыншылардың символдық құрамын жариялапты. Тізімге Ресей құрамасының футболшылары Денис Черышев пен Артем Дзюба да кірген. Толық тізім төмендегідей.

Қақпашы: Чо Хен У (Оңтүстік Корея);

Қорғаушылар: Бенжамен Павар (Франция), Мортеза Пуралиганджи (Иран), Гарри Магуайр (Англия), Лукас Эрнандес (Франция);

Жартылай қорғаушылар: Родриго Бентанкур (Уругвай), Денис Черышев (Ресей), Такаси Инуи (Жапония);

Шабуылшылар: Мэттью Леки (Австралия), Анте Ребич (Хорватия), Артем Дзюба (Ресей).

ПОРТУГАЛИЯНЫ «РЕНЖІТКЕН» КОМАНДА ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАЙ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

  • Хорватия футбол одағы ұлттық құраманың скауты Огнен Вукоевичті командадан шеттетті. Ол енді Ресейдегі әлем чемпионатында әрі қарай өз құрамасымен бірге бола алмайды. Ресеймен болған пенальти сериясынан кейін ол құраманың ойыншы Домагой Видамен бірге видео үндеу жасап, онда Украинаға қолдау білдірген еді. Ол екеуі киевтік «Динамода» бірге ойнаған. 34 жастағы Вукоевич ойыншылық мансабын 2017 жылы аяқтаған. Әлем чемпионатына ол ресми делегация қатарында келді.

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЙНАП ЖҮРГЕН ФУТБОЛШЫНЫҢ ӘКЕСІН ҰРЛАП КЕТКЕН

  • Бразилия құрамасы мен «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Паулиньо қайтадан қытайлық «Гуанчжоу Эвергранд» сапына оралуы мүмкін. Ойыншы үшін қытайлық клуб 50 млн еуро ұсынуға дайын отыр екен. Тиісінше Паулиньоға жылына 14 миллион еуро жалақымен қатар төрт жылдық келісімшарт ұсынылып отыр. Қазіргі таңда ойыншының бұл шартқа келісім бергендігі айтылуда. Өткен маусымда ол «Барселонамен» бірге Испания чемпионатын жеңіп алған еді. Бұған дейін осы қытайлық командада ойнады және «Барселона» оны 14 миллион еуроға сатып алған болатын.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*