Байбек Нұрсұлтанды бағындырды

880
0
Бөлісу:

Алматының әкімі Бауыржан Байбек Нұрсұлтан шыңын бағындырды.

«Бүгін Алматы әкімімен бірге «Нұрсұлтан» шыңына шықтық. Баршаңызды Астананың 20 жылдығымен және Елбасының туған күнімен құттықтаймыз!» деді Альпинизм федерациясының вице-президенті Ержан Еркінбаев.

 

Алматының ең бірінші символы Іле Алатауы болса, сол асқардың шыңның бірі – «Нұрсұлтан». Ол 4376 метр биіктікте орналасқан. Жалпы, бұрын «Кіші Алматы» аталған шың 1997 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туған күні құрметіне «Нұрсұлтан» шыңы деп аталған.

Дәстүрлі «Нұрсұлтан» шыңына шығу альпиниадасына әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан аса адам атсалысады. Биыл шыңды бағындыру шарасы Астананың 20 жылдығына арналды.

Анар ЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*