Экс-чемпион боксқа қайта оралды

1024
0
Бөлісу:

Шымкенттік Бейбіт Шүменов түрік боксшысын Хизни Алтынкайды жеңіп, ауыр салмақтағы WBA белдігін жеңіп алды.

Астанада бірінші ауыр салмақтағы WBA титулы үшін өткен кездесу аяқталды. Бірінші раундтағы 30 секундтын барлаумен өткізген Шүменов бірден тактикасын өзгертіп, шабуылға шықты. Хизнидің қорғанысы берік еді. Дегенмен алғашқы раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Бейбіт қарсыласының бүйірінен соғып, оны тізерлетті. Түрік боксшысы да оңай беріле қоймайтынын көрсетіп, орнынан көтерілген.

 

Екінші раундта Бейбіт басымдығын сақтай отырып, бүйірден соққысын тоқтатпады. Хинзи да бұған дайын екенін байқатты. Келесі екі раундта да жерлесіміз басымдығы байқалған. Алайда бесінші раундта түрік боксшысы  шабуылымен көзге түсті. Аталмыш раундта ешқандай ногдаун тіркелген жоқ. Келесі раундта Алтынкай бірнеше ауыр соққы жіберіп, тоғызыншы раундта ногдаунға түсті. Осыдан кейін түрік боксшысының тарапы Алтынкайды келесі раундқа шығарудан бас тартты. Осылайша, Бейбіт Шүменов 10-раундта жеңіске жетті.

Естеріңізге салсақ, былтырғы жылы кәсіпқой боксшы спортпен қош айтысқан. Жаттығу кезінде алған көз жарақаты тым ауыр болғандықтан, дәрігерлер Шүменовке бокспен айналысуға тыйым салған. Артынан Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) белбеуінен айырып, бұл титулды Юниер Дортикостың еншісіне берілді.

 

Алайда биыл экс-чемпион боксқа қайта оралатынын айтқан еді. «Менеджеріммен біраз қиындық болды. Ол өз шаруасынан қолы босамай, маған тиісті мөлшерде жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Сол себепті ұзақ уақыт тоқырап қалдым. Оның үстіне көзімді жарақаттап, екі рет операция жасаттым. Сол сәтте күйзеліске ұшырап, мансабымды аяқтауға шешім қабылдағам. Негізі үлкен үзіліс жасауым керек еді. Бірақ мансабымды қайта бастайтынымды мәлімдеймін» деген болатын.

Міне, сөзін ісімен дәлелдеді. Жартылай ауыр салмақтағы WBA Super тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақтағы WBA белбеуін қайтарып алды.

Анар ЕРЖАНҚЫЗЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*