Мүгедек жандар да үн қоса алады

761
0
Бөлісу:

«X секторы» атты әлеуметтік радио ашылды. Радио – мүмкіндігі шектеулі адамдар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған.

Статистика бойынша елімізде 2018 жылға қарай 652 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тіркелген. Енді олардың мүддесін қорғап, мәселелерін шешуге атсалысып, үн қоса алады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін өзі жұмыспен қамту, білім беру, қызмет көрсету де бар. Оған қоса, мүгедектер өздеріне қатысты ҮЕҰ-ның не істеп, қандай іс-шаралар өткізіліп, қандай жобалар іске асырылып жатқаны көп біле бермейді. Радио арқылы хабардар болып, қандай да бір жобаларға қатысуға мүмкіндік алуы мүмкін. Болашақта бұл жоба Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар үшін алғашқы медиа-платформа болмақ.

 

Анар ЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*