20 жастағылар «Нұр отан» мүшесі атанды

1115
9
Бөлісу:

Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбедегі «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары толыға түсті.

Астана құрдастарына партиялық билеттер – партияның Ақтөбе облыс­тық филиалында салтанатты түрде табыстал­ды. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген жас ақтөбеліктердің әрқайсысы өз ісінің шебері. Олар Астананың мерейтойына орай, партия қатарына қабылданғандарын мақтанышпен жеткізді.
– Әсем қала Астанамызбен бірге бой түзеп, есейіп келемін. Елордамыздың мерейтойында «Нұр Отан» партиясының қатарына өту – үлкен мәртебе. Партияның «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламасын жүзеге асыратын білікті мамандар даярлауға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге жұмсап отырған күш-жігері – менің көзқарасыммен үйлеседі. Жалпы, еліміздің ішкі және сыртқы ынтымағы, бейбіт өмірі «Нұр Отан» партиясының дұрыс саясатының арқасы деп білемін, – деді Ырғыз ауданынан келген Ақниет Сейітқазы.
Жастарды партия қатарына өтулерімен құттықтаған партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Дариға Исмағамбетова мұндай айтулы сәттің Астана күнімен тұспа-тұс келуі тегін емес екеніне назар аударды.
– Астана – еліміздің жүрегі, Тәуел­сіздігіміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы. Бас қаламыз қазір әлемдегі белді қалалар қатарына қосылып, халықаралық деңгейде лайықты орын алып отыр. Бүгінгі күн сіздер үшін ерекше. Өйткені Астана мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бұл күнді мәңгі естеріңізде сақтап қаласыздар, – деді ол.
Партияның «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары салтанатты іс-шарада Елбасының сындарлы саясаты мен пар­тияның игі бастамаларын жүзеге асы­руда белсенділік танытқан партиялық­тарға партия Төрағасының Бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаевтың аты­нан Құрмет грамотасын табыс етті.
Сондай-ақ бірнеше адам алғыс хатпен марапатталды. Жалпы, Ақтөбе облысында партияның 44 мыңнан астам мүшесі бар.

Сералы МЕЙІРЖАН

Бөлісу:

9 пікір жазылған

  1. Ахмет 30 Шілде, 2018 at 18:33 Жауап

    Радует, что в состав партий Нұр отан вступают и молодые люди, причем разных категории и сфер

  2. Самат 30 Шілде, 2018 at 18:34 Жауап

    Жастар осы еліміздегі ең іріпартияның қатарында табылып жатқандары қуаниады. Жарайсыздар.

  3. Малик 30 Шілде, 2018 at 18:34 Жауап

    Жұмыстарынзға іске сәт. Жастарға айтармын тек партия қатарында жүріпемес, пайда әкелініздер.

  4. Айдар 30 Шілде, 2018 at 18:34 Жауап

    партияда болу тек тек жылыда екі мәң теңге төлеу емес. Өзінің белсенділік позициянды көрсету

  5. Тимур 30 Шілде, 2018 at 18:35 Жауап

    Барлығынажаңа бастамаларында іскесәтәрине. Жаңа жұмыстар күтемізбарлығынан.

  6. Мурат 30 Шілде, 2018 at 18:35 Жауап

    Мне вот интересно как можно внести свой вклад в развитие партии. Жду от молодежи новых инициатив

  7. Абылай 30 Шілде, 2018 at 18:36 Жауап

    Надеюсь новые молодые партийцы нестанут простовкладциками двести тенге каждый месяц

  8. Даурен 30 Шілде, 2018 at 18:36 Жауап

    И сама молодежь страны выбирает лидирующую партию Нұр Отан. Не надо быть мертвыми душами. Нужно работать

  9. Әлібек 30 Шілде, 2018 at 18:36 Жауап

    И что они будут делать? Мини чиновники. Большая надежда на молодежь. Начните работать креативнее

Пікір жазу


*