Жастар сенімді ақтайды

785
5
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті.
Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов шара­ға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі қалыптасуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.
– 6 шілдеге тұспа-тұс келген Астана мерекесі – Президентіміздің страте­гиялық бастамасының символы іспетті. Астана – жаңа, тәуелсіз, болашаққа тың серпінмен ұмтылған демократиялық Қазақстанның нағыз флагманына айналды, – деді Болат Бақауов.
Бұдан кейін, партияның облыстық филиалының басшысы қатарға жаңадан қосылған 20 адамға партия билетін табыс етті. Олар – әртүрлі салада еңбек ететін жандар. Ішінде Астананың түйдей құрдасы, «Қазақстан алюминийі» АҚ құю-механикалық цехының жұмысшы­сы Марат Асаинов та бар. Марат 6 шілде күні 20 жасқа толды.
– Көрсетілген сенім үшін рақмет айтамын. «Нұр Отан» партиясының қатарына кіру – үлкен құрмет. Сенімді ақтау үшін барымды саламын, – дейді Марат.
Павлодар ауданындағы «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталы­ғының директоры Алтынбек Мұқышев та партия мүшесі атанды. Белсенді жас партияның дамуына өз еңбегімен үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
– Партия бізге не береді деп емес, біз партияға және елге не бере аламыз деп ойлану қажет. Біздің жастар өте белсенді. Өзімізге артылған сенімді ақтай аламыз деп ойлаймын, – дейді ол.
Сонымен қатар шара барысында Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы Зәуреш Мұқашеваға, облыс­тық партия филиалы төрағасының орын­басары Жұлдыз Тәйкебаеваға, облыстық мәслихат депутаты Марина Стрелковскаяға және қалалық мәсли­хаттың депутаты Игорь Веретновқа «Белсенді қызметі үшін» партия мара­паты табысталды.

Айман САУРЫҚ

Бөлісу:

5 пікір жазылған

  1. ахмет 30 Шілде, 2018 at 18:37 Жауап

    Радует, что в состав партий Нұр отан вступают и молодые люди, причем разных категории и сфер

  2. Малик 30 Шілде, 2018 at 18:37 Жауап

    Жұмыстарынзға іске сәт. Жастарға айтармын тек партия қатарында жүріпемес, пайда әкелініздер.

  3. Мурат 30 Шілде, 2018 at 18:38 Жауап

    Мне вот интересно как можно внести свой вклад в развитие партии. Жду от молодежи новых инициатив

  4. Абылай 30 Шілде, 2018 at 18:49 Жауап

    Надеюсь новые молодые партийцы нестанут простовкладциками двести тенге каждый месяц

  5. Әлібек 30 Шілде, 2018 at 18:50 Жауап

    И что они будут делать? Мини чиновники. Большая надежда на молодежь. Начните работать креативнее

Пікір жазу


*