Мерейтойлық медальмен марапатталды

1050
0
Бөлісу:

Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты туған күнімен және елорда­ның мерейтойымен Қазақстан Республи­касы Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-министр, Мемле­кеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, «Самұрық-Қазына» акционер­лік қоғамының басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары және Астана қаласының әкімі құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты жағ­дайда тапсырылды. Шараға қатысу­шылар Қазақстан Президентіне зор денсаулық, бақыт және жауапты қызметте жаңа табыс тіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*