ЕЛБАСЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1434
4
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты. Салтанатты қабылдауға Қырғызстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының президенттері де қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақ­стандықтарды Астананың 20 жыл­дығы­мен құттықтады. Елбасы «Қа­зақстан», «Тәуелсіздік» және «Астана» сөздерінің мәні еліміздің әр азаматы үшін айрықша екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Астананың та­рихына ерекше тоқталып, Қазақ­стан­ның қазіргі елордасы көне Бозоқ қа­лашығынан бастау алатынын атап өтті.
– Астана – ел қамын жеген Едігеден бастап әз-Тәукеге дейінгі қазақ хан­дары­ның ордасы болған. Менің тап­сырмам бойынша зерттеу жүргізген ас­таналық археологтар Есілдің бойын­дағы Күйген­жар ауылының тұсынан әз-Тәуке ханның жазғы ордасының ор­нын тапты, – деді Қазақстан Прези­денті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасының құрылысына атса­лыс­қандардың бәріне ризашылық біл­діріп, еліміздің барлық өңіріне Аста­наның мерейтойына жасаған сыйлық­тары үшін алғыс айтты.
– Астананың салынуымен Қазақ­станның жаңа дәуірі басталды. Бірін­шіден, тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарынан бастап мемлекеттігіміздің бар­лық институттары орнықты. Астана бү­кіл әлем таныған жаңа саяси орта­лыққа айналды, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қа­зақстанның бүкіл әлемге тәуелсіздік пен Астананың арқасында танылғанын айтты.
Қазақстан Президенті Астана Қа­зақ­станның геостратегиялық орталығы ретінде саяси-экономикалық және әлеу­меттік дамудың жаңа моделінің негізін қалағанын атап өтті.
– Елорда әлемдік сәулет өнерінде қала мен даланы үйлестіре білген жаңа ландшафты эстетиканы қалыптас­тыр­ды. Астана күллі әлемге жаңа бейбіт­шілік пен келісім орталығы ретінде танылды. Бас қаламыз еліміздің тату әрі көпұлтты халқы үшін туған қаласына айналды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы Астананың еліміздегі жаңа көші-қон үдерісіне жол ашқанын айтты.
– 20 жыл ішінде Астана халқы 4 есе өсіп, бір миллионға жетті. Бүкіл ел бас қаланы мақтан тұтып, елордаға қарап бой түзейді. Астананың қарыштап да­муы өңірлердің экономикасын өркен­детті, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті елордада жаңа өмір салты қалыптасқанын айтып, тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін тиісті жағдай жасалғанын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жаңа идеялар мен инновацияларға сер­пін бер­ген Астананың жетістіктеріне тоқталды.
– Елордада жаһандық экономи­калық дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын Астана экономикалық форумы өткізі­луде. Бас қаламыз бүгінде күллі адамзат дамуына ықпал ететін әрі тарихи шешім­дер қабылданатын орта­лыққа айналды. Мұнда Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпал­дастық және сенім шаралары кеңесі, Еуразиялық экономи­калық одақ қабылдаған тарихи құжаттар күллі әлемнің саяси-экономикалық да­муына әсер етті, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мының саммитін және Ислам ынты­мақ­тастығы ұйымының Ғылым және тех­нологиялар жөніндегі саммитін өткізу нәтижесінде, «Астана деклара­циясы» қабылданғаны туралы айтты.
– Жиырма жыл ішінде Астана жаһан­дық интеграцияның, қауіпсіздік пен бі­тім­гершіліктің орталығына ай­нал­ды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымының тарихи сам­митінен кейін әлемдік саясат лекси­конына «Ас­тана рухы» деген түсінік берік енді. Біздің ядросыз әлем және әділ ха­лықара­лық тәртіп жолындағы сындарлы бастамала­рымыз Қазақ­станның Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты емес мүшесі болып сайлануына және осы беделді ұйымға төрағалық етуіне септігін тигізді, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті соңғы 20 жыл ішінде Астанаға 22 монарх, 180 пре­зидент, 109 үкімет басшылары және 114 халықаралық ұйым басшылары кел­генін атап өтті.
– Мемлекеттер басшылары мен жо­ғары лауазымды жауапты тұлға­лардың сапарлары елдер арасындағы достық қа­рым-қатынастардың маңыз­ды көрсет­кіші саналады. Осындай әр сапардың арқасында Астананың бүкіл әлем бойын­ша достары көбейе түсті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы шетел көшбас­шыларымен жеке достығы жөнінде ай­тып, олардың Қазақстан астанасы ту­ралы ой-пікірлерін ортаға салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана мен Қазақстан қалың жұртшылық пен көп­теген халықтардың жүрегінен орын алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті елорданың Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономиканы жаң­ғырту ісінде және еліміздің жаһандық эконо­микалық кеңістікке кірігу жо­лында негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
– Қала – 4.0 индустриясының жа­һан­­дық технологиялық үрдісіне сай дамып келеді. Өңірлік жалпы өнім осы жылдар ішінде 190 есе өсті. Ол номи­налды түрде 5 триллион теңгеге жетіп, нақты айт­қанда 5,5 есе артты. 20 жыл ішінде инвес­тиция көлемі шамамен, 8 триллион теңгені құрады. Жалпы, бас қаланы дамытуға жұмсалған мемлекет қаржысы шамамен 2,5 есе ақталды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы қазақ­стандықтарды елорданың 20 жылдық мерейтойымен тағы да құттықтап, бүкіл халқымызға бақ-береке тіледі.
Салтанатты қабылдаудан кейін Қазақстан Президенті елорданың ме­рейтойына арналған мерекелік гала-кон­цертті тамашалады.

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. Ахмет 30 Шілде, 2018 at 19:01 Жауап

    Елбасының Астана дамуына зор үлесі бар екендігі айқын. Айтылған сөздерде жаң бар

  2. Самат 30 Шілде, 2018 at 19:01 Жауап

    Астана қаласы еліміздің жастарына армандар орындалатын қалаға айналды. Бұл да жетістік

  3. Айдар 30 Шілде, 2018 at 19:02 Жауап

    Жиырмажылда әлемаренасында осындай деңгейге жеткен басқаламызбен мен мақтанам

  4. Мурат 30 Шілде, 2018 at 19:02 Жауап

    А в свое время при переносе столицы из Алматы в Акмоллу все были сомнительными. Елбасы доказал на деле свое правое дело

Пікір жазу


*