ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

590
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астананың 20 жыл­ды­ғымен құттықтады.
Ресей президенті Қазақстан Пре­зидентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
Түркия президенті Режеп Ердоған да Нұрсұлтан Назарбаевты туған күні­мен және Қазақстанның елор­дасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтап, Мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар мемлекеттер басшы­лары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан ары терең­дету мәселелері жөнінде пікір ал­масты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*